Қазақстанда жаңа оқу жылы басталғалы 100-ден астам оқушы коронавирус жұқтырды

Астана. 30 қыркүйек. ҚазТАГ – Мәдина Алимханова. Қазақстанда жаңа оқу жылы басталғалы 104 оқушы коронавирус инфекциясын жұқтырды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.
«Жаңа оқу жылы басталғалы оқушылар арасында КВИ жұқтырудың 104 жағдайы тіркелген, соның ішінде кезекші кластарда оқитын 33 бала да бар. Олармен қарым-қатынаста болған 550 адам анықталды, олардың арасынан 7 адамның жұқтырғаны белгілі болды, бұдан басқа қашықтықтан оқып жатқан 71 балада осы дерт расталған, олармен қарым-қатынаста болған 240 адам тексеріліп, олардың 15-де дерт белгісі расталып отыр», - деді Цой сәрсенбідегі үкімет отырысында.
Оның пікірінше, оффлайн-режимінде 100% оқытқан жағдайда олармен қарым-қатынаста болғандар саны 1,5 мың адамға өсетін еді.

adimage