Қазақстанда жаңа салынған баспананың бағасы қазан айында 0,1% көтерілді

Күні: 15:40, 07-11-2014.

Астана. 7 қараша. ҚазТАГ – 2014 жылғы қазан айында Қазақстанда жаңа салынған баспананың 1 шаршы метрінің бағасы алдыңғы аймен салыстырғанда 0,1% қымбаттап, Т214 953 болды, деп көрсетілген ҚР ұлттық экономика министрлігінің статистика комитетінің таратқан хабарында.
Статмәліметтер бойынша, абаттандырылған тұрғын үйлердің 1 шаршы метрінің бағасы Т172 251 болып, ол биылғы қыркүйекпен салыстырғанда  0,2% артық, ал абаттандырылмаған баспана - Т98 888 (+0,3%) болды.
Абаттандырылған тұрғын үйлердің  1 шаршы метрін жалға алу бағасы Т1225 (+1,1%) болды.


Жаңалықтармен бөлісу: