Қазақстанда Жаңа жыл қарсаңында 600-ден астам бала туылған

Астана. 3 қаңтар. ҚазТАГ – Қазақстанда Жаңа жыл қарсаңында 618 бала туылған, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен.
«Туылған бала саны бойынша Алматы қаласы көш бастап тұр. Бұл қалада өткен жылдың соңғы күні 106 сәби дүниеге келген», - делінген бейсенбідегі хабарда.
Ақпарға сәйкес, ары қарай Алматы облысы – 66, Жамбыл облысы – 57, Астана қ. – 51, Атырау облысы – 46, Қарағанды облысы – 44 бала.
«2017 жылдың 31 желтоқсанында Қазақстанда 768 сәби өмірге келген», - деп атап өтті ведомстводан.

adimage