Астана. 13 қараша. ҚазТАГ – Қазақстанда жалған шетелдік валютаны сату дерегі жиілеген, деп хабарлады қаржылай мониторинг агенттігінен.
«Алматы қ. жалған 100 долларлық купюраларды сатумен айналысқан тұлғалар тобы анықталды. Қылмысқа қатысушылардың бірінің тұрғылықты жерін тінту барысында 149 дана (14 900 АҚШ доллары) жалған доллар табылды», - делінген хабарда.
Құқық бұзушылар ұсталып, сот оларға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.
Сонымен қатар Батыс Қазақстан облысында ҚМА полициямен бірлесіп жалған валютаны өткізу фактісі анықтады. Бір топ адам Орал қаласындағы лотерея клубтарының бірінде жалған 25 000 АҚШ доллары мен 10 000 евро өткізген деген күдікке ілікті.
ҚМА ақпарынша, жыл басынан бері Қазақстан аумағында айналымнан 1 060 жалған банкнот тәркіленді, оның ішінде ұлттық валютада 647 000 теңге сомасына 141 дана, 90 400 АҚШ долларына 905 купюра, 2 000 еуроға 4 купюра, 1 000 юань сомасына 10 купюра. Алынған жалған банкноттардың жалпы сомасы 43 млн теңгеден асады.
Бұған дейін 2024 жылы жалған купюраларды жасап, өткізгені үшін 8 адам 5 жылдан 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылды.
«Жалған ақша жасаушылардың құрбаны болмас үшін жақсы бағам бойынша айырбастауды ұсынса да, бейтаныс адамдарға ақша айырбастамаңыз және валютаны "делдалдардан" сатып алмау керегін ескеріңіз. Егер сіз жалған купюраны тапсаңыз, оны сатуға тырыспаңыз. Жалған банкноттар табылған жағдайда дереу ҚМА-ның аумақтық департаменттеріне жүгіну қажет»,- деп түсіндірді агенттіктен.
Қатысты сілтемелер
-
Экология және табиғи ресурстар министрлігі ғылыми зерттеулерді арттыруға Т10,5 млрд жұмсамақ
6 Желтоқсан 2024, 11:08 -
Қазақстаннан астық экспорты 52%-ға өсті
6 Желтоқсан 2024, 11:05 -
Қазақстан ЕҚЫҰ қазіргі кездегі жаңа қауіпсіздік архитектурасына бейімдеуге шақырды
6 Желтоқсан 2024, 10:53 -
Зейнетақы жинақтарының 2025 жылға арналған ең төменгі жеткіліктілік шегі сол деңгейде қалады
6 Желтоқсан 2024, 10:35