Қазақстанда жалақысы төмен бюджет қызметкерлерінің еңбекақысын өсіруге Т980 млрд бөлінеді

Күні: 19:33, 27-02-2019.

Астана. 27 ақпан. ҚазТАГ – Баубек Қоңыров. Қазақстанда жалақысы төмен бюджет саласының қызметкерлерінің еңбекақысын көтеруге алдағы үш жылда 980 млрд теңге жұмсалады, деп хабарлады ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
«Бүгінде Қазақстанда отбасылардың әл-ауқатын арттыратын шараларды күшейту маңызды. Соған байланысты, девальвацияның өтуінен, біздің бағаларамыз да құбылып тұр, халықтың табысы мен жалақысы төмендеді. Тіпті осы жылдың қаңтарынан бастап мұғалімдердің базалық жалақысы 1,5 есе көтерілді...бұл бағдарлама денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік қорғау, мәдениет, спорт, ауыл шаруашылығы және басқа салалардағы 1 миллионға жуық азаматтық қызметкерді қамтиды. Осы жылдың 1 шілдесінен бастап бюджеттік саладағы жалақысы төмен қызметкерлердің еңбекақысын 30% көтеруді тапсырамын. Сонымен қатар аудандық, облыстық, ауылдық деңгейде жұмыс жасайтын атқарушы органдардың төмен жалақы алатын қызметкерлерінің еңбекақыларын орташа есеппен 25% көтеру керек. Бұл жерде айтарлықтай теңсіздік пайда болды – орталықтан өңірлерге дейін. Бізге оларды қолдау керек. Осы мақсаттарға 19-21 жылдары 980 миллиард теңге бөлінеді», - деді Назарбаев сәрсенбіде «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде.
Еске салсақ, 21 ақпанда Назарбаев сол кезде жұмыс жасап жатқан министрлер кабинетін отставкаға жіберу туралы шешімін айтқан болатын. Сондай-ақ, мемлекет басшысы жақын арада өтетін съезде халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру және өмір сапасын жақсарту бойынша бірқатар шаралар ұсынатынын мәлімдеді.


Жаңалықтармен бөлісу: