ҚАЗАҚСТАНДА ЖАНКЕШ-ЛАҢКЕСТЕРДІ ДАЙЫНДАУ МҮМКІН БЕ?

Алматы. 28 ақпан. ҚазТАГ – Торғын Нұрсеитова. Жақында ресейлік БАҚ-тар құқық қорғау органдары Махачкалада жүргізілген арнайы операция барысында екі Қазақстан азаматы қолға түскенін және олар лаңкесшілдер деп күдіктеліп отырғанын хабарлады. Содырлар Ақтөбе қаласының азаматтары және оларға қатысты заңсыз қарулы құрылымдар құрғаны немесе оған қатысқаны және қару мен қопарылғыш қондырғылар жасағаны үшін айып тағылып отыр. Одан кейін Дағыстанның ІІМ баспасөз қызметіне сілтемелеп, ол ақпарат теріске шығарылды. Олар «Махачқалада содырларды ұстау жөнінде арнайы операция жүргізілген жоқ» деп мәлімдеді. Осыған байланысты туындаған сауалдарға біз ҚР президентінің жанындағы ҚСЗИ-дің сыртқы саясат зерттеулері бөлімінің меңгерушісі Болат Әуелбаев пен «Тәуекелді бағалау тобы» директоры Досым Сәтпаевтан жауап берулерін сұраған едік.

 

–ҰҚК мен СІМ өкілдері Ресей тарапынан қазақстандық азаматтардың Дағыстан территориясында қандай да заңға қайшы әрекеттер жасады деген ресми растаулар түскен жоқ деп мәлімдеді. Сіздер Ресейдің Ислам комитетінің төрағасы Гейдар Жамалдың жанкеш-қазақтар туралы ақпаратқа Қазақстанда тағайындалған республика басшысының мезгілінен бұрын өткелі отырған сайлауы тұрғысынан қарау керек, «жанкеш-қазақтар»  - ол дегеніңіз - сайлау науқанының қарсаңында Қазақстанға жасалған «сыйлық», деп айтқан сөзін қалай бағалайсыздар?

 

Б. Ә.: – Жағдай шынымен де шатасып жатыр: ресейлік бірқатар - Интерфакс, РИА Новости, Лента.ру сынды т.б. ірі ақпараттық агенттіктер ақпанның ортасында Ресейдің аса бір күрделі аймағы – Дағыстандағы құқық бұзушылық әрекеттерге қазақстандық азаматтардың қатысы бар деген ақпарат жарияланды. Бірақ жергілікті болсын, федералдық деңгейде болсын, ресми құқық қорғау ведомстволары бұл ақпаратқа  ешқандай түсініктеме бермеуі былай тұрсын, ол туралы еске де алмайды.

Сонымен қатар бұл ақпаратқа қандай да астар берілді. Мысалы, кейбір мақала тақырыптары «Арнайы қызмет Ресейге тасталған қазақ-лаңкесшілер туралы хабарлайды» (Лента.ру) немесе «Дағыстанда Қазақстандық содырларды ұстады. Олар диверсиялық топқа жетіп қалыпты» («Комерсанть»), деп аталады. Алаңдатып отырғаны, қарапайым қылмыстық «гастролерлер» туралы айтылмай, астыртын түрде көрші мемлекет территориясына арнайы үйретілген диверсиялық топ жіберіліп отыр дегенге бүркемелеп меңзейтіндігінде. Назар аударарлығы, аталған барлық ақпараттық агенттіктерде мәселені осылайша қоюында, және сонымен қатар олар құзыретті анонимдік ақпарат көздеріне сілтеме жасайтындығында.  

Одан кейін, үдемелі түрде әр түрлі БАҚ-тарда, оның ішінде қазақстандық та БАҚ-тарда дерек көздеріне сілтемелеп, әр түрлі түсніктемелер берілуінде. Біреулері мәтін астарына ресейлік мұнай өнідру және атом нысандарына қауіп-қатерлерді төндіріп, бояуды қоюлата түседі. Басқалары, айталық, REGNUM  АА  Тәжікстан мен Қырғызстандағы ұқсас оқиғаларға белгілі бір параллель жүргізуге тырысады. Бірқатар қазақстандық БАҚ-тар да бұл тақырыпқа үн қосты. Отандық баспасөзде болған оқиғаға деген ресми бағаға назар аудару әрекеті байқалады, ал оған ресейлік ресми органдардан баға берілмеді. Бұл да көптеген сауалдар тудырады. Осылайша жағдайдың белгісіздігі сарапшылар арасында да әр түрлі тұспалдаулар тудыруда. Олардың көбісінің мәні бар да шығар, бірақ өз тарапымнан біз оның «дәнін қауызынан» ажыратып алуымыз керек деп ойлаймын.  Қазақстандағы сайлау үдерісінің саяси платформасы бар. Ал біз талқылап отырған мәліметтің қылмыстық мәліметтер сипаты бар. Жасанды түрде олардың бірін екіншісімен ұштастыру әрекеті ешқандай мағынасыз деп ойлаймын.

Қазіргі кезде ұйымдасқан қылмыс, есірткі трафигі, саяси және діни экстремизм трансшекаралық сипатқа ие болды. Бұл проблема біздің елдердің шиеленістік аймақтарға жақындығымен, сондай-ақ ғаламдық және аймақтық трансформациямен байланысты. Бірақ осы тақырыптар үнемі құқық қорғау құрылымдарының және ұлттық қауіпсіздік қызметтерінің, сондай-ақ ШЫҰ, ҰҚШҰ, ЕҚЫҰ сынды аймақтық ұйымдардың күн тәртібінде тұрады. Онда Қазақстан мен Ресей біртұтас белсенді қатысушысы да, осы проблемалар туралы бірдей ұстаным ұстайды.  Мұндай жағдайда осындай оқиғалар жұмыс барысында мемлекет және ведомствоаралық деңгейде шешіліп, бірақ достық көрші елдердегі ішкі әлеуметтік-саяси үдерістерге ешқандай-да әсері болмауы тиіс.

Д. С.: – Гейдар Жамал «қастандық теориясы» сипатындағы шектен тыс болжамдармен аты шыққан тұлға. Бірақ Кавказдағы әскери қақтығыс кезінде өлтірілген немесе ресей әскерилері қолға түсірген Қазақстан азаматтары туралы ақпараттар жыл сайын естіліп жататынын еске сала кеткен жөн. Бұл ретте ондай ақпараттық «жаңалықтардың» жартысы расталмай жатады. Сондықтан ондайлардың барлығын мезгілінен бұрын өткелі тұрған президенттік сайлаулармен байланыстырудың қажеті жоқ. Жамал өзінің конспирологиялық болжамдарымен тіпті өзін де шатастырып жіберді.

 

– Ал жалпы алсақ, Қазақстанда жаңкеш-лаңкестерді дайындау мүмкін бе?

 

Б. Ә.: – Аталған мәселе, бір қарағанда мәнсіз болып көрінуі мүмкін, бірақ, дегенмен, осы проблеманы талдап көрейікші. Лаңкесшілдердің базасын бай ма, кедей ма - экономикалық жағдайына тәуелсіз кез келген елде құруға болады. Аталған жағдайда содырларды дайындайтын инфрақұрылым жасау проблемасы туындайды. Мұндай жағдай өткір ішкі саяси қарама-қайшылықтары бар, немесе көрші мемлекетпен қарулы қақтығыс қауіп-қатері  бар елдерде жасала алады. Кез келген жағдайда мұндай инфрақұрылымды сырт көзден жасыра алатын ықпалды саяси күштер болуы тиіс. Себебі тіпті аз да болса, ондай әскери құрылымдар өз елінің ішінде де, сырт елдерде де көптеген суалдар тудыруы мүмкін. Мен біздің елде ондай проблема шынымен де жоқ деп ойлаймын.

Д. С.: – Әрине, мүмкін, біз өте жоғары лаңкесшілдік тәуекел аймағында орналасқанбыз ғой. Егер Қазақстанда тыйым салынған лаңкесшіл ұйымдардың тізіміне қарасаңыз оны шартты түрде үшке бөлуге болады.

Біріншісіне негізінен көрші мемлекеттерге, айталық, Қытай, Өзбекстан немесе Ресейге қарсы әрекет жасауға бағытталған, бірақ қазақстандық билікке нақты қауіп төндірерліктей өздерін көрсетпеген шетелдік құрылымдар кіреді. Бұл ретте олардың жекелеген өкілдері Қазақстанда жасырынып жүруі әбден мүмкін.

Тізімнің екінші бөлігіне ғаламдық және аймақтық деңгейде қауіп төндіретін, мысалы, «әл-Каида» мен «Талибан» қозғалысы сынды, Қазақстанда тікелей жоқ болса да, орталық-азиялық әріптестерімен белгілі бір байланыстары бар болуы мүмкін ұйымдар кіреді.

Үшінші бөлігі туралы айтсақ, оған Қазақстанға тікелей қауіп төндіретін ұйымдар кіреді. Себебі олардың әрекеті тікелей конституциялық құрылымға қарсы бағытталған.

Мысалы, бірнеше жыл бұрын тек осы Қазақстан территориясында лаңкесшіл әрекет жасауға бағытталған топ мүшелері қолға түсті. Қызығы, осы топтың көптеген мүшелері Қазақстан азаматтары екендігінде. Олардан қолдан жасалған қопарылғыш заттарды жасау сұлбалары, жару нысандарының жоспарлары, адамдардың топтасып жиналатын орындар мен қалалық инфрақұрылымдар сұлбалары, қару-жарақтар, мен оқ-дәрілер, сондай-ақ діни ұрандағы  экстремистік әдебиеттер мен бейнематериалдар алынды. Көріп отырғанымыздай, лаңкестік қауіп әбден мүмкін, оның ішінде жанкеш-лаңкестерді дайындау қаупі де әбден мүкін.

 

– Саясаттанушылардың пікірінше, Дағыстаннан шыққан азаматтар көп тұратын Батыс Қазақстанның аудандары Дағыстанның экстремистік исламы мен Орта Азияның арасындағы көпір болуы мүмкін деп ойлайды. Мұндай қауіптерге негіз бар ма?

 

Б. Ә.: – Қазақстан сияқты Дағыстан халқының да құрамында түрлі этностар бар. Дағыстанда 30-ға жуық ұлыс тұрады, олардың көбінің Қазақстанда туыстары бар. Дағыстандықтар Ұлы Отан соғысы кезінде көптеген ұлттар сияқты күштеп жер аударылмағандықтан, оларды Қазақстан жеріне орналастыру әлеуметтік-экономикалық мақсатта жүргізілді. Қазіргі уақытта Дағыстан өкілдері Қазақстанның бүкіл аумағында тұрады, Алматыда, Ақтауда, Атырауда, Қарағанды мен Астанада Дағыстан халықтарының мәдени орталықтары жұмыс істейді. Әрине, олардың көпшілігі – Қазақстан азаматтары тарихи отанындағы туыстарымен байланыстарын жоғалтпаған. Бірақ республикамызда тұратын бір этникалық топқа қатысты күдіктенуге болмайды деп есептеймін. Криминал, атап айтқанда, экстремистік идеялардың қатысы бар қылмыстардың ұлты, діні жоқ. Оның Орталық Азиядағы даму көздері басқада жатыр.

Д. С.: – Қоғамның «Хизб ут-Тахрир-әл-Ислами» (ХУТ) қызметіне негізді түрде, бірақ шамадан тыс көп назар аударуы еліміздің басқа аймақтарында әрекет ететін басқа да қауіпті ұйымдардың көзден таса қалуына алып келді деп ойлаймын. Нәтижесінде Қазақстанның түрлі өңірлеріндегі экстремистік идеялардың әсері дұрыс дәрежеде бағаланбайтын сияқты сезім қалыптасады. Бұл қандай да бір экстремистік немесе террористік ұйымның жақтастарының саны туралы қарама-қайшы ақпараттың таралуына алып келеді.

Батыс Қазақстанға қатысты айтайын дегенім, бұл жерде алаңдаушылық тудыратын кейбір үрдістердің байқалуынан бұл өңір экстремистік және лаңкестік қызметті зерттейтін мамандардың қызығушылығын тудырып келеді. Қауіптілігі келесіде – Қазақстанның батыс өңірлері белгілі бір саяси жағдайлар болса, жарылайын деп тұрған оқ-дәрі қоймасы сияқты. Үлкен мұнай-газ ресурстары депрессивті аудандармен көршілес орналасқан, мұнда әлеуметтік қанағатсыздықтың толқынын қажет жаққа бағыттау оп-оңай, мейлі ол сепаратизма, ұлтшылдық немесе псевдодіни экстремизм болсын. Экстремистік бағыттағы миссионерлердің Қазақстанның дәл осы аймағында белсенділік танытуын осы жағдай түсіндіре алатын шығар.

 

– Қырғызстандағы жағдай Қазақстанда көрініс табуы мүмкін бе, атап айтқанда, бізде де ұқсас үрдістер тудырып, қоғамды тұрақсыздандыруы мүмкін бе?

 

Б. Ә.: – Қырғызстанның оңтүстігіндегі оқиғалар этносаралық қақтығыстар болды. Онда діни фактор болған жоқ, болғанның өзінде, шектеулі түрде ғана, сондықтан барлық мәселелерді бір «қазанға» салған дұрыс емес. Қырғызстандағы ұлтшылдықтың себептері қырғызаралық ішкі қайшылықтарда жатыр. Әулеттік мүдделер бойынша араздасқан саяси элиталар өзіндік қырғыз идентификациясы мәселесін көтеріп жатады, бірақ шын мәнінде ру-тайпалық және отбасылық қатынастарды қолдайды, ал мұндай қатынастар елдегі билік және басқа да ресурстар үшін әулетаралық күрестерге алып келеді. Осы күрделі қатынастардың процесінде басқа этностық топтар арасында проблемалар туындаса, 2010 жылы маусым айында Ошта болғандай кенет реакция туындайды.

Қырғызстанның діни саладағы проблемалары ТМД кеңістігіндегі проблемалар сияқты. Бұл елде христиандық та, мұсылман деноминациялары насихатталады. Бұлардың қайсысының бағыты радикалды екені – құқық қорғау органдарының, арнаулы қызметтер мен сарапшылардың ісі. Дегенмен, Қырғызстанда билік пен мемлекеттік басқарудың әлсіздігі салдарынан жағдай жиі бақылаусыз қалып, қоғамдық және ұлттық қауіпсіздік үшін жауап беруге міндетті күштер өздеріне тән емес қызметпен айналысуға мәжбүр. Осылайша, тұрақтылық - радикализм мен экстремизмнің кез-келген қауіптерінен қорғалған сау қоғам мен мемлекеттің негізі болып табылады деген қорытынды жасауға болады.

Д. С.: – Қырғыз оқиғаларының Қазақстандағы ішкі саяси жағдайға ықпалын шамадан тыс бағалаудың қажеті жоқ. Біздің өзімізде де әлсіз тұстарымыз көп. Олардың кейбіреуі латентті фазада болса, басқалары көрініп те қалды. Сондықтан республикадағы ахуал тұрақсызданса, түрлі радикалды ұрандары бар көптеген ойыншылар шыға келетінін жоққа шығаруға болмайды. Бұл жерде мен бұған дейін бірнеше рет айтқан тезисті қайталау қажет: адамдарды әлеуметтік әділдік, ұлтты құтқару және діни жандану сияқты үш идеяның айналасына жинау оп-оңай. Ал жұмылдырылған бұл халықты кім және қалай пайдаланады деген басқа мәселе.  

 

– Қазақстанға экстремистік және лаңкестік ұйымдар баспайтындай, елімізде радикалды исламның іздері көрінбейтіндей қалай сақтануға болады? Үкіметімізге босқындарды қабылдау саясатын күрт қатайтып, көші-қон ағымдарына бақылауды күшейтетін кез келген жоқ па?

 

Б. Ә.: – Сұрақ ақырына дейін түсінікті емес. Ең көп топты құрайтын еңбек мигранттары туралы айтатын болсақ, олар әлемдік экономикалық дағдарыс өршіген кездің өзінде Қазақстандағы, Ресейдегі қылмыстың белең алуына әсер етпеген. Ал егер саяси босқындар туралы сөз болса, бұл басқа мәселе. Саяси баспана алған босқын заңға қайшы қызметке қатысып, басын қатерге төндіріп қайтеді? Бірінші әрекет байқалғанда-ақ, немесе күдік тудырған жағдайда, қабылдаушы жақ оны еліне депортациялайды. Халықаралық терроризмнің желілеріне тартылғандар жасырыну мақсатында өздеріне назар аудармай, заңды әдістерді пайдаланады.

Д. С.: – Саяси төзімді және толерантты Еуропаның өзінде соңғы уақытта мультимәдениеттілік идеясының, «ашық есік» қағидасының сәтсіздікке ұшырағаны туралы көп айтылып жатыр. Бұл туралы неміс, француз, итальянжәне британсаясаткерлері айтып жатыр. Бұл - жергілікті электораттың мигранттарға қарсы реакциясы. Бұған исламдық фобияны және еңбек нарығы мен жұмыссыздыққа әсер еткен қаржы-экономикалық дағдарыстың салдарын қосыңыз.

Жалған босқындар туралы мақаламда мен иммигранттардың көпшілігінің саяси, құқықтық және экономикалық ойын ережелерін ұстануға ниетінің жоқтығынан мемлекеттің ішіндегі «шағын мемлекеттің пайда болуына» алып келетінін туралы жазғанмын. Бұған жауап ретінде националистік күштер күшейеді. Бірақ капиталдардың, адамдар мен қызметтердің жаппай қозғалысы болмаса, жаһандану мүмкін емес, «ұлы Қытай қорғанын» алу арқылы шекарадағы мәселе шешілмейді. Міне, осындай тығырықты жағдай, ал біздегі жемқорлық жағдайында кез-келген шекара әлсіз болады. Бұл дегеніміз жемқорлық бар жерде заңсыз мигранттарға қарсы репрессиялық шаралар қызу қызмет етіп жатқан сыңай танытумен тең. Бұдан артығы, жаңа тыйым салушы шаралардың пайда болуы біздің аумағымызға заңсыз келу үшін берілетін параларды көбейтеді. Бұл жағдайда заңсыз мигранттармен күрестің бір де бір тетігі жұмыс істемейді.

Әлеуметтік күрделіліктің жаңа аймақтарын тудыратын ішкі көші-қон, қалаларға көшу де проблема тудырады. Бұл уақытта біздің үкімет мигранттар үшін квоталар қабылдайды, ал оларды сақтап жатқан ешкім жоқ. 


adimage