Қазақстанда жас саяси белсенділерді әскерге шақыру арқылы «жазалауда» - құқыққорғаушы

Күні: 19:13, 30-05-2019.

Астана. 30 мамыр. ҚазТАГ – Қазақстанда жас саяси белсенділерді әскерге шақыру арқылы «жазалауда», деп хабарлады «Ашық диалог» қорынан.
«Қазақстанда кезектен тыс сайлау қарсаңында әділ және ашық түрде өз еркін білдіруді талап еткен қарсылық толқыны көтерілді. Көптеген қалаларда бейбіт шерулер өтті, оған қатысушылар ұсталып, әкімшілік қамауға алынып, айыппұл төлеп, тіпті қылмыстық қудалауға тартылды. Қылмыстық құдалаудың баламасы және белсенділерді қорқыту ретінде әскерге шақыру жүйесін қолдануды бастады», - делінген бейсенбідегі хабарда.
Қорда атап өткендей, Қазақстанның ірі төрт қаласында болған алты жағдай белгілі, ол жерде бейбіт шеруге қатысушыларға тыңдамағандары үшін әскерге шақырту жіберген.
«Белсенділер әскери комитеттердің әрекеттерін қорқытудың жаңа түрі деп атап, оны алда келе жатқан президент сайлауымен байланыстырып отыр», - деді қордан.
Еске салсақ, жоғарыда аталған жағдайлардың бірі Оралдағы белсенді Аслан Сагутдиновпен байланысты, оны әскери комитеттің шақыртуын берместен бұрын 6 мамырда қаланың орталық алаңында бір топ полицейлер ұстаған. Ол кезде саяси-белсенді Абай ескерткішінің алдында бос плакатпен тұрған. Оның айтуынша, осылайша ол Қазақстанда азаматтардың құқықтары мен бостандықтары сақталмайтынын көрсеткісі келген . Полицейлер Сагутдиновты бес минуттан кейін ұстап, Абайдағы полиция бөліміне жеткізген. Кейін белсендіні босатты, оның айтуынша, полицейлер әкімшілік хаттама толтыру үшін бос плакатқа бірдеме жазуын сұраған. 7 мамырда белгілі болғандай, полицейлер прокуратураға жүгініп, Сагутдиновтың әрекетін қадағалаушы органның түсіндіріп беруін сұраған, ал бірнеше күннен кейін белгілі болғандай, жас жігіттен әскерге бару үшін екінші қайтара медтексерістен өтуін талап еткен. Қоғамдық резонанс туындағаннан кейін қорғаныс министрлігі Сагутдинов әскерге баруға жарамайды деп мәлімдеуге мәжбүр болып, оған әскери билет беруге уәде еткен еді.
9 мамырда хабарланғандай, әлемдік жетекші БАҚ - BBC британдық хабар тарату корпорациясы мен америкалық New York Times (NYT) басылымы Орал тұрғынының бос плакатпен ұсталғаны туралы айтты.
BBC Қазақстанда сәуір және мамыр айларында басқа да ұсталған белсенділер туралы айтты, соның ішінде 21 сәуірде Әсия Төлесова мен Бейбарыс Толымбековтың Алматы марафонында «От правды не убежишь», #УМЕНЯЕСТЬВЫБОР, #ADILSAILAYUSHIN жазуы бар плакаттарды ұстап шыққаны үшін 15 тәулікке қамалғандары туралы да хабар таратты. Атап айтсақ, 1 мамырда 80-ге жуық адам Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында бейбіт митинг нәтижесінде ұсталған. Қарсылық акциялары басқа да қалаларда өтті. Көшеге шыққан азаматтар сайлауға бойкот жариялап, елорданың атауын өзгертуге және АЭС құрылысына қарсылық білдіріп, Алматыда ұсталған белсенділер Әсия Төлесова мен Толымбековке қолдау білдірген. Бұл туралы да BBC хабарлады.


Жаңалықтармен бөлісу: