Қазақстанда жайылымдық жерлер қайта бөлінуі мүмкін

Күні: 18:51, 14-02-2020.

Астана. 14 ақпан. ҚазТАГ – Қазақстанда жайылымдық жерлердің қайта бөлінуі күтіледі, делінген премьер-министр Асқар Маминнің мәжіліс депутаттарының сұрағына берген жауабында.
«Жайылымдық жерлермен қамту бойынша жүргізілген талдауларға сәйкес, республикадағы жекелеген ауылдық округтерде жайылымдық жерлер жетіспейді, әсіресе оңтүстік өңірлерде жетіспеушілік байқалуда. Ауылдық округтер үшін жайылымдық жерлерге қажеттіліктің орнын «Жайылымдар туралы» заңға сәйкес жоспар аясында қайта бөлу есебінен толтыру жоспарлануда», - деді депутаттар сауалына жауап берген Мамин.
Еске салсақ, 2019 жылдың 18 желтоқсанында мәжіліс депутаты Жексенбай Дүйсебаев жайылымдар туралы заңның 15 бабына сәйкес қабылданған жайылымдарды басқару жоспарының қағаз түрінде ғана екенін, оның атүстілік сипатқа ие екенін және іс жүзінде өңірлерде орындалмай жатқанын мәлімдеген еді. Ол жайылымдарды басқару жоспарының тиісті заң талаптарына жауап бермейтінін атап өткен еді.
14 ақпанда премьердің жауабы белгілі болды, Маминнің айтуынша, елді-мекендер үшін жайылым алқаптарының тапшылығы Ақтөбе мен Батыс Қазақстан облыстарынан басқа облыстардың барлығында байқалуда.


Жаңалықтармен бөлісу: