Қазақстанда жаздың соңғы күндері күн салқындайды

Күні: 12:56, 29-08-2018.

Астана. 29 тамыз. ҚазТАГ – 30 тамыз 3 қыркүйек аралығында Қазақстан аумағы арқылы Батыс Сібірдің солтүстік бөлігінен жылжыған салқын ауа ағындары өтеді, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.  
«Жаз аяқталып келеді, мұны қазақстандықтар тамыздың соңғы күндері сезініп отыр. Батыс Сібірдің солтүстік бөлігінен жылжыған салқын ауа ағындары демалыс күндері Қазақстан аумағынан өтеді, соған байланысты салқын әрі ауқымды антициклон орнығады. Сондықтан 30-31 тамыз күндері республиканың көптеген облысында жаңбыр, шығыста және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында нөсер жаууы мүмкін», - делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.
Антициклон таралуына байланысты жаңбыр саябырсып, ауа температурасы төмендейді. Республиканың солтүстік, орталық және шығыс облыстарында температура күндіз 15-23°С-тан 8-15°С-қа дейін, түнде плюс 2-7°С-қа дейін, оңтүстік-шығыста күндіз 18-25°С-қа дейін төмендейді. Тек батыс және оңтүстік облыстарда бұрынғыша ыстық ауа сақталып, күн жауын-шашынсыз, ауа температурасы күндіз 27-34 градус аралығында болады.


Жаңалықтармен бөлісу: