Қазақстанда жеңілдетілген автонесиеге өтінім қабылдау басталған күні тоқтап қалды

Астана. 6 ақпан. ҚазТАГ – Қазақстанда жеңілдетілген автонесиеге өтінім қабылдау басталған күні тоқтап қалды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Өтінім қабылданбайды. Көлік өндірушіге қаржыландыру лимитінің болмауына байланысты өтінім қабылдау тоқтатылды. Қайтадан өтінім қабылдаудың басталуын күтіңіз», - делінген дүйсенбі күні autonesie.kz жеңілдікпен беретін автонесие платформасының сайтындағы хабарда.
Атап өтелік, өтінім қабылдау Астана уақытымен 10.00-де басталуы керек еді. Бұған дейін ҚазТАГ бағдарламаның басты талаптарымен таныстырды.

adimage