Астана 16 қыркүйек. ҚазТАГ - Қазақстанда жедел миокард инфарктісі (ЖИМ) ауруының саны шамамен 5% -ға өсті, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
«Мәселен, "Нұр Отан" партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында өлім-жітімді 10% төмендету көзделген (2016 жылы 7,56-дан 2019 жылы 6,28-ге дейін). Денсаулық сақтауды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бойынша 2016 ж. - 7,56, 2017 ж. - 6,97, 2018 ж. - 7,2, 2019 ж. - 7,1 жетуі тиіс. ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметтеріне сәйкес, 2016-2018 ж.ж. Қазақстанда өлім-жітім 3,12% төмендеді. "Нұр Отан " партиясының сайлауалды бағдарламасында көзделген көрсеткішке қол жеткізілмеген. 2016-2018 ж. ж. сараптама нәтижелері бойынша мына өңірлерде өлім-жітім жоғары: Қарағанды, Павлодар, Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстары. Бұдан басқа, Маңғыстау облысы мен Алматы қаласында да өлім-жітім деңгейі өсіп келеді», - делінген дүйсенбідегі хабарда.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде Елжан Біртановтың төрағалығымен Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың "Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыруға арналған алқа отырысы өтті, жиында еліміздегі өлім-жітім деңгейіне қатысты мәселе қаралды. Тақырып туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева баяндама жасады.
Азаматтар негізі (56%) қан айналымы жүйесінің аурулары (23%), тыныс алу органдарының аурулары (12%), қатерлі ісік (12%) және жарақаттардан (9%) қайтыс болады.
Қан айналымы жүйесі ауруларына қатысты, Қазақстанда миокард инфарктісінен көз жұмғандар 4,4% артқан. ШҚО, БҚО, СҚО, Қарағанды, Қостанай, Ақмола, Ақтөбе облыстары және Алматы қаласы бойынша көрсеткіштер орташа республикалық деңгейден жоғары. Қазір Қазақстанда 31 тәждік көмек орталығы бар. Өңірлерде қосымша осындай 7 орталық ашу қажет. ЖИМ ауруларының өсуінің негізгі себептері кардиохирургия қызметінде кадр тапшы; медициналық жабдықтардың тозуы, ЭКМО жүйесімен, сондай-ақ дәрі-дәрмектің жеткіліксіздігі; профилактиканың жеткіліксіздігі; диагностиканың уақтылы болмауы; ТКО орталықтарының жоқтығы немесе олардың алыс орналасуы.
Сонымен қатар инсульт кезінде медициналық көмек неврологиялық көмек стандартына сәйкес көрсетіледі. 2019 жылдың 7 айында инсульт қызметінің индикаторларын сараптау нәтижесі Қостанай, Алматы, СҚО, Жамбыл облыстары және Шымкент қаласы сынды қолайсыз аймақтарды көрсетті. Бұл өңірлердегі проблемалардың себептері кадр тапшылығы; жабдықтардың тозуы; оңалту жабдықтарының болмауы; пациенттерді диспансерлеу, инсульттің бастапқы және қайталама алдын алу бойынша терапевтердің МСАК деңгейіндегі нашар жұмыс істеуі; инсульт мектептері бойынша жұмыстың болмауы; инсульт орталықтарында (ИО) тромболизис үшін препараттарды сатып алу және жеткізу бойынша бақылаудың болмауы; инсульттің және қайталанудың алдын алу, диспансерлеу, созылмалы амбулаториялық оңалту бойынша МСАК-тың нашар жұмысы; ИО-ның жетіспеушілігі.
Инсульт кезінде көмек көрсететін медициналық ұйымдардың (II және III деңгейдегі ИО) саны 250 мың адамға шаққанда 30 орынмен анықталады, ҚР-да 69 инсульт орталығынан кем болмауы тиіс. Бүгінде ҚР бойынша ИО саны 60, яғни 86,9% құрайды. Стандартқа сәйкес БҚО, Алматы, Жамбыл, Алматы облыстарында, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Алматы қалаларында тағы да 9 ИО ашу қажет. СҚО-да тапшылық жоқ, бірақ қашықтықты ескере отырып, Тайынша ауданында 1 ИО ашу қажет, сондай-ақ Қостанай облысында Арқалық қаласында Қосымша 1 ИО ашу керек.Тыныс алу органдары ауруларынан болатын өлім-жітім құрылымында төменгі тыныс алу жолдарының созылмалы ауруларынан (69%) өлім-жітім - СОӨА, эмфизема және басқалар ең жоғары үлес алады.
Тыныс алу органдары ауруларынан болатын өлім-жітімнің ең жоғары көрсеткіштері ШҚО, Алматы, Қарағанды және Павлодар облыстарында байқалады. Бұл ретте Алматы және Павлодар облыстарында пульмонологиялық орынмен қамтамасыз етудің төмендігі байқалады.
3 жыл ішінде динамикада барлық өңірлерде қатерлі ісіктерден (ҚІА) өлім-жітімнің төмендеуі байқалады. 2019 жылдың 6 айының қорытындысы
бойынша СҚО, Павлодар, Қостанай, ШҚО, БҚО, Қарағанды, Ақмола облыстарында өлім-жітім орташа республикалық көрсеткіштен жоғары.
Себебі скринингтік тексеруден өткендер саны өте аз және сапасы төмен; ерте диагностика аз жасалған; КТ және МРТ-ның зерттеулеріне күдікті науқастарды тексеру қамтамасыз етілмейді; асқынған обырдың үлесі артқан.
Онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі кешенді жоспар аясында іс - шараларды іске асыруға 35,14 млрд.теңге, оның ішінде ТМККК шеңберінде медициналық қызметтерді кеңейтуге - 31,95 млрд теңге (скринингтік тексерулер, молекулярлық -генетикалық тестілеу, сәулелік диагностика қызметтері, диагностикалық зерттеулер – компьютерлік (бұдан әрі – КТ), магниторезонанстық (бұдан әрі - МРТ) және позитронноэмиссиялық томография (бұдан әрі-ПЭТ), паллиативтік көмек көрсету) көзделген.
Кейбір өңірлерде онкологиялық ауруларға күдікті пациенттердің КТ және МРТ зерттеу-клиникалық-диагностикалық қызметтердің жоспары төмен орындалған. Қатерлі ісіктерге күдікті науқастарды КС тексеру 0,3% (Қызылорда облысы) 50,7% дейін (Атырау облысы) жетті. Қатерлі ісіктерге күдікті науқастарды МРТ тексеру 0,2% (Алматы қ.) 32% дейін (Атырау облысы) . Сонымен қатар, ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде онкологиялық ауруға күдікті пациенттерден КТ және МРТ-ны тексеруден бас тарту туралы өтініштер келіп түсуде.
Бұдан басқа, отырыста жол-көлік оқиғаларынан болатын өлім-жітімге де назар аударылды. 2018 жылы ол 100 мың адамға шаққанда 13,4 құрады. Биыл жол-көлік оқиғасы салдарынан болған өлім-жітім Түркістан, БҚО, Жамбыл, Алматы, Атырау, Қарағанды облыстарында көп тіркелген. ЖКО саны 15 821 . 2019 жылдың 8 айында ЖКО-да 7069 адам қаза болды. Қайғылы оқиға көбіне Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Түркістан облыстарында және Алматы қаласында тіркелген. Әрбір өңірде қауіпті жол учаскелері бар. Алматы, ШҚО, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар және Түркістан облыстарының трассаларына ерекше назар аудару қажет.
Республика бойынша 40 КМҚП құрылды, қосымша 25 КМҚП құру қажет.
Баяндаманың соңында Л. Ақтаева Министрдің тапсырмасына сәйкес өлім-жітімді төмендету үшін КШК орталықтарын және инсульттік орталықтарды қымбат құрал-жабдықпен жабдықтау бойынша Жол картасының жобасы жасалғанын хабарлады. Жол картасының жобасы өңірлермен келісілді.
Алқа отырысына ПӘ, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің өкілдері, ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, ҚР ДСМ алқа мүшелері, Республикалық маңызы бар облыстардың Денсаулық сақтау басқармаларының басшылары, қоғамдық кеңес мүшелері және селекторлық режимде құрылымдық бөлімшелердің басшылары қатысты.
Қатысты сілтемелер
-
Түркістанда жолдарды түгендеу және паспорттау қызметіне Т150 млн жұмсамақ28 Наурыз 2024, 17:22
-
ТЖМ Қазақстандағы су тасқыны бойынша жедел ақпарат ұсынуға қауқарсыз болып шықты28 Наурыз 2024, 17:17
-
Ауыр қылмыс жасаған екі күдікті Түркиядан Алматыға жеткізілді28 Наурыз 2024, 17:07
-
Тоқаев ЭЫДҰ бас хатшысымен кездесті28 Наурыз 2024, 16:51
-
Қазақстанда 15 сәуірден жол жүрісі қауіпсіздігі бойынша жаңа жобаның пилоты басталмақ28 Наурыз 2024, 16:34