Алматы. 25 желтоқсан. ҚазТАГ – Қазақстанда жеке тұлғаларға банктердің кредит беру көлемі қарашада Т5,3 трлн жетті, деп хабарлады Ұлттық банктің (ҰБ) баспасөз қызметінен.
«Банктердің экономиканы кредиттеу көлемі 2018 жылғы қарашаның соңында 12 863,6 млрд теңгені құрады (бір айда 0,7%-ға өсті). Заңды тұлғаларға кредиттердің көлемі өзгермей, 7 596,8 млрд теңге болды, ал жеке тұлғалардыкі 5 266,8 млрд теңгеге дейін 1,7%-ға ұлғайды», - делінген сейсенбідегі ҰБ хабарында.
Қаржылық реттеуші атап өткендей, қайта құрылымдаудан өтетін және лицензиясынан айырылған банктердің кредиттік портфелін есептемегенде экономиканы кредиттеудің жылдық өсімі 8,1% немесе 942,7 млрд теңге болды.
«Ұлттық валютамен кредиттердің көлемі бір айда 9 977,9 млрд теңгеге дейін 1,3%-ға ұлғайды. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға кредиттер 0,8%-ға ұлғайды, жеке тұлғаларға кредиттер 1,9%-ға ұлғайды. Шетел валютасымен кредиттердің көлемі 2 885,7 млрд теңгеге дейін 1,5%-ға азайды. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға кредиттер 1,4%-ға, жеке тұлғаларға – 4,1%-ға азайды. Теңгемен кредиттердің үлес салмағы 2018 жылғы қарашаның соңында 77,6%-ды құрады (2017 жылғы желтоқсанда – 73,7%)», - делінген хабарда.
Ұзақ мерзімді кредиттердің көлемі бір айда 10 964,7 млрд тенгеге дейін 0,4%-ға ұлғайды, қысқа мерзімді кредиттердің көлемі 1 898,9 млрд теңгеге дейін 2,1%-ға ұлғайды.
«Салалар бойынша бөлуде банктердің экономикаға берілген кредиттерінің ең қомақты сомасы өнеркәсіп (жалпы көлемдегі үлесі – 14,9%), сауда (13,5%), құрылыс (6,3%), көлік (4,7%) және ауыл шаруашылығы (3,9%) сияқты салаларға тиесілі», - деді қаржылай реттеуші.
2018 жылғы қарашада банктік емес заңды тұлғаларға ұлттық валютамен берілген кредиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 12,5% (2017 жылғы желтоқсанда – 13,2%), жеке тұлғаларға – 17,1% (19,2%) болды.
Қазақстанда жеке тұлғаларға банктердің кредит беру көлемі қарашада Т5,3 трлн жетті
