Қазақстанда жеті облыста үсік салдарынан дауылды ескерту жарияланды

Күні: 13:11, 10-09-2018.

Астана. 10 қыркүйек. ҚазТАГ – Қазақстанда жеті облыста үсік салдарынан дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Түнде 11-12 қыркүйекте (2018 ж. 21 сағ. 10 қыркүйектен 09 сағ. 12 қыркүйек аралығында) Қостанай, Ақмола, Солтүстік-Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде, түнде 12 қыркүйекте Ақтөбе, Шығыс-Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), 1-3°С үсік күтіледі»,- деп хабарлады синоптиктер.
Сонымен қатар, Астана қаласында түнде 11 қыркүйекте аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), топырақ бетінде 3°С үсік күтіледі.
«10 қыркүйекте күндіз, 11-12 қыркүйекте Қызылорда облысының кей жерлерінде солтүстік-шығыстан, шығыстан 15-20 м/с жел күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдағы 95-100%», - делінген хабарда.


Жаңалықтармен бөлісу: