Қазақстанда жеті жылда 40 мың көпбалалы отбасыны баспанамен қамту жоспарлануда

Күні: 12:47, 02-07-2019.

Астана. 2 шілде. ҚазТАГ – Динара Халдарова. Қазақстанда жеті жылда 40 мың көпбалалы отбасыны баспанамен қамту жоспарлануда, деп мәлім етті Қазақстанның индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр.
«Елбасының Nur Otan партиясының XVIII съезіндегі және «Жастар жылының» ашылуындағы тапсырмасы бойынша халықтың аз қамтылған тобы мен жұмыс жасайтын жастарды баспанамен қамту шаралары әзірленді. Нұрлы жер» бағдарламасының аясында көп балалы отбасылар үшін тұрғын үй сатып алуға және салуға қаржы қарастырылды. Республикалық бюджеттен жылына 50 млрд теңге немесе 7 жылда 350 млрд теңге бөлу жоспарлануда. Жыл сайын тұрғын үймен 6 мың көп балалы отбасы, 7 жылда 40 мың отбасы қамтылады», - деді Скляр сейсенбідегі үкімет отырысында.
Оның айтуынша, осы жылдың мамыр айынан бастап 1480 көп балалы отбасыға баспана берілді
Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларындағы жұмыс істейтін жастардың еңбек ұтқырлығын қамтамасыз ету үшін 2019-2021 жылдары жылына 1 мың жалдамалы пәтердің құрылысы жоспарланған.
«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жұмыс істейтін жастар үшін жалдамалы тұрғын үйлерді сатып алуға және салуға қаржыландыру көлемі ұлғаюда.(жылына Т21,6 млрд, 3 жылда – Т64,8 млрд). Бұл бізге жұмыс істейтін жастарға 2019, 2020 және 2021 жылдары 3 мың жалдамалы пәтерден беруге мүмкіндік жасайды (Нұр-Сұлтанда, Алматыда 1050 пәтерден, Шымкенттен 900 пәтерден)», - деді министр.
Ол «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» көп балалы, толық емес отбасыларға және мүгедек баласы бар отбасыларға тұрғын үй алуға жылдық 2 пайызбен және 10 пайыздық алғашқы жарнамен жеңілдетілген несие беруді бастағанын атап өтті.
«Бұл мақсаттарға 3 жыл ішінде 150 млрд теңге бөлу қарастырылған. Жыл сайын 6 мың отбасы әлеуметтік көмекпен қамтылады», - деп түсіндірді ҚР ИИДМ басшысы.
Сондай-ақ, ол Ұлттық банкпен бірге жалдамалы тұрғын үйді дамытуға жеке инвесторларды тарту тетігі әзірленіп жатқанын соның есебінен қосымша 10 мың жалдамалы пәтер салуға мүмкіндік туатындығын және жылына 20 мың отбасы баспанамен қамтылатындығын баса айтты.
«Әлеуметтік тұрғын үйді үйлестіру тетігін жетілдіру және бұл процестердің ашықтығын арттыру мақсатында Бірыңғай республикалық автоматтандырған кезекте тұрушылар базасы құрылуда. Бұл азаматтарға өз кезегінің жылжуын онлайн режімде қадағалауына мүмкіндік береді. Жалпы қабылданып отырған шаралар тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың мәселесін қысқа мерзімде шешуге мүмкіндік береді», - деп түйді сөзін Скляр.


Жаңалықтармен бөлісу: