Қазақстанда жол-жөндеу жұмыстары сапасының ұлттық орталығы 2019 жылы жұмысын бастайды

Астана. 10 қыркүйек. ҚазТАГ – Оксана Скибан. Қазақстанда жол-жөндеу жұмыстары сапасының ұлттық орталығы 2019 жылы жұмысын бастайды, деп хабарлады ҚР инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбек.
«2016 жылы мемлекет басшысы Ұлттық сапа орталығын құру жөніндегі үкімет бастамасын қолдады   (…). Бүгінгі таңда заңдағы тиісті түзетулер мәжіліспен келісілді, қыркүйекте сенатпен келісеміз және келесі жылдан бастап орталық өз жұмысын бастайды», - деді Ж. Қасымбек дүйсенбі күні мәжілісте «Нұрлы жол» мемлекеттік иинфрақұрылымды дамыту бағдарламасын жүзеге асыру аясындағы автокөлік жолдарын қамту мәселелеріне арналған үкімет сағатында.
Ол нақтылағандай, орталық қазіргідей республикалық маңыздағы жолдардың ғана емес жергілікті жолдар мен елдімекен көшелерінің де жолдарының материалы мен жұмыс сапасына сараптама жүргізеді.  
Министрдің пікірінше, орталық жұмысы үкіметке жолдардың сапасы мен қауіпсіздігін мембасқарудың мүлдем жаңа механизм негізін құруға, сондай-ақ «Жол сапасы» индексінің көрсеткішін арттыруға мүмкіндік береді.
«Қазіргі таңда жүйені тәжірибе ретінде пайдалану жүргізілуде және ол ақпараттық қауіпсіздікке аттестациядан өтуде.  Аталмыш жүйені енгізу жолдардың нақты жағдайына баға беруге және олардың жағдайы мен жөндеу жұмыстарына  ұтымды стратегия ойлап табуға, сондай-ақ азаматтар үшін жолдар туралы ақпаратқа ашықтық пен қол жетімділігін қамтуға мүмкіндік береді.  

adimage