Қазақстанда жолаушылар тасымалының сапасын екі министрлік қадағалайтын

Күні: 17:06, 06-06-2019.

Астана. 6 маусым. ҚазТАГ - ҚР ИИДМ мен ІІМ елдегі жолаушылар тасымалының сапасын бірлесіп қадағалайтын болады, деп хабарлады ҚР ИИДМ баспасөз қызметінен.
«Қазақстан Республикасы ИИДМ Көлік комитеті ҚР ІІМ-мен бірлесіп жолаушылар тасымалының қауіпсіздігін және автомобиль жолдарының сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ көлік бақылау органдарына жолаушылар тасымалдау және көлік жүргізшілерінің еңбек және демалыс тәртібін сақтауына бақылау жүргізу құзыыреттілігін қайтарумен байланысты брифинг өткізді. (…) Жолаушылар тасымалына бақылауды күшейту және жолаушылар тасымалының қауіпсіздігін арттыруға бағытталған кешенді шараларды қабылдау үшін ИИДМ ІІМ-мен бірлескен жоспар қабылдады. Жоспар шеңберінде автомобиль көлігі және жол қозғалысы саласындағы заңнама талаптарының сақталуын тексеру үшін тұрақты емес тасымалдарда жолаушыларды отырғызу және түсіру тұрақтарының кездейсоқ орындарына бірлескен тексерістерге шығу, кез-келген жерлерде жол белгілерін орнату (тоқтауға тыйым салынған, тұруға тыйым салынған) және басқа да шаралар жүзеге асырылатын болады. Осы саладағы барлық проблемаларды ескере отырып, ИИДМ ІІМ-мен қабылданған бірлескен жоспар шеңберінде тасымалдаушылар арасында қауіпсіздікті арттыруға бағытталған бірқатар қосымша шаралар, оның ішінде заңнамалық түзетулер қабылдау жоспарлануда», - делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.
Ведомствода атап өткендей, сондай-ақ автомобиль жолдарының сақталуын қамтамасыз ету тақырыптары қозғалды және олардың бұзылуының негізгі себебі рұқсат етілген салмақтық параметрлерден асып кететін автокөлік құралдарының жүріп өтуі екендігі айтылды. Басым көпшілігінде бұл карьерлерде және инертті материалдар жинағыштарында жүк тиеу жүзеге асырылатын Қытай өндірісінің жүкті өзі аударатын көліктері болып табылады..
Көлік комитетінің төрағасы Самат Ғылымовтың ақпараты бойынша, қазіргі уақытта жолаушыларды тұрақты тасымалдау 2566 қалалық, ауданаралық, облысаралық және халықаралық бағыттарда 1 мыңға жуық тасымалдаушы тартылған маршруттарда 19,3 мыңнан астам автобустарда жүзеге асырылуда.
«Тұрақты емес тасымалдаушылардың саны 760 құрайды. Жол жүру қауіпсіздігіне автобустармен тұрақты емес тасымалдау, жүргізушілердің рейс алдындағы және рейстен кейінгі медициналық тексеруден өтпеуі, еңбек және демалыс режимін сақтамауы негізгі қатер төндіреді. Бұл ретте, мұндай автобустардың негізгі бөлігі заңсыз және техникалық ақаулары бар, бұл ЖКО қаупін арттырады», - деп хабарлады ИИДМ.
Ведомствода атап өтілгендей, сондай-ақ автомобиль жолдарының сақталуын қамтамасыз ету тақырыптары қозғалды және олардың бұзылуының негізгі себебі рұқсат етілген салмақтық параметрлерден асып кететін автокөлік құралдарының жүріп өтуі екендігі айтылды. Басым көпшілігінде бұл карьерлерде және инертті материалдар жинағыштарында жүк тиеу жүзеге асырылатын Қытай өндірісінің жүкті өзі аударатын көліктері болып табылады.
Самат Ғылымовтың айтуынша, 2018 жылы көліктік бақылау органдары арқылы 183,5 мың АКҚ тексерілді, 24 242 тәртіп бұзушылық анықталды, 5 млрд.951 млн. теңгеден астам сомаға айыппұл мен алымдар салынды.


Жаңалықтармен бөлісу: