Астана. 28 ақпан. ҚазТАГ – Қазақстанда журналистерді аккредиттеудің қағидаларының дау тудырған түзетулерін қоғамдық талқылау аяқталды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Журналистерді аккредиттеу қағидатын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2013 жылғы 21 маусымдағы № 138 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» бұйрығына түзетулер енгізу туралы. (…) 2019 жылдың 27 ақпанына дейін қоғамдық талқылау», - делінген бұған дейін eGov ашық нормативті құқықтық актілердің мемлекеттік порталы сайтында қоғамдық талқылауға шығарылған құжатта.
Еске салсақ, 13 ақпанда ҚазТАГ АКМ «Журналистерді аккредиттеу қағидатын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2013 жылғы 21 маусымдағы № 138 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» бұйрығына түзетулер енгізуге ниетті екенін хабарлады. Сол түзетулер енгізілген жағдайда қолданыстағы қағидаларға қарағанда журналистердің іс-шараларды таратуға жіберілу ережесі күшейтілетін болады. Құжат 13 ақпанда қоғамдық талқылауға шығарылды, ол 27 ақпанға дейін жалғасады.
АКМ жоспарын Қазақстан Журналистер одағының төрағасы Сейтқазы Матаев та сынады, ол аккредиттеудің жаңа қағидалары арқылы мемлекеттік органдар журналистердің қоғамдық жаппай шараларға жіберілуін шектейді деп санайды. Ол журналистің шара өтетін жердегі ішкі тәртіпті сақтауға жазбаша түрде келісім беру сияқты мағынасыз талап Қазақстанда ешқашан болған емес деп атап өтті. Сонымен қатар ол журналист пен БАҚ арасында келісім-шарттық қарым-қатынастың барын растайтын құжатты ұсыну туралы тармаққа да көңілі толайтынын білдірді, себебі ол азаматтық журналистиканың жоғалуына алып келеді. С. Матаев әзірге қағида жобасын талқылайтын уақыт бар кезде қазіргі таңда қоғамдық пікірді қалыптастырудың маңызды сегменті болып табылатын әлеуметтік желіде көптеген сын туғызу керек деп санайды.
«Өз кезегінде, біз қағида жобасын әріптестерімізбен, халықаралық «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау қорымен талқылаймыз, сөйтіп қандай да бір келісілген шешім қабылдаймыз, үнсіз қалмаймыз», - деп түйді сөзін Қазақстан журналистер одағының төрағасы.
АКМ-ның түзету енгізу туралы жоспарын басқа алаңдардағы журналистер де сынға алды, соның ішінде Facebook әлеуметтік желісіндегі қоғамдастықтарда да, сондай-ақ WhatsApp мессенджерінде кәсіби чаттар топтарында да талқыланды.
Міне кейбір пікірлер: «Журналистер сөз бостандығы үшін! Журналистер Абаевтың отставкасы үшін!», «Бір нәрсе жасайық. Ертең тек трансляцияны, сауалдар бойынша берілген жауаптарды ғана өңдеп отыратын боламыз», «Бұған дейін де түзетулер болған, бұған дейін де – біртіндеп редакцияларды жою, журналистер мен редакцияларды ашықтан-ашық сатып алу, оның үстіне түзетулер, тағы редакциялау. Егер тарихқа көз жүгіртсек- біз өз-өзімізді жоюға өзіміз жол берген екенбіз», «Министр осы қызметіндегі уақытта қолдауға тиіс саласына қысым көрсетумен айналысып келген».
14 ақпанда Ақпарат және коммуникация министрлігінің БАҚ қызметкерлерін аккредиттеудің қолданыстағы қағидасын күшейтуге бағытталған бастамасына түсінік берген Қазақстан парламенті сенатының депутаты Дариға Назарбаева журналистердің өз мамандықтары үшін күресе білулері керегін айтты.
«Қазір билікпен өзара қарым-қатынас жасаудың барлық мүмкіндіктері бар. Заң жобалары талқыланғанда – өз пікірін білдіріп, парламент және үкімет депутатттарымен жұмыс жасауға. Сіздер өз мамандықтарыңыз үшін күресе білулеріңіз керек. Осыны жақсы үйреніңіздер. Сіздер тек бірдеме болып қалған жағдайда ғана еске аласыздар», - деді бейсенбіде сенат кулуарында журналистердің сұрағына жауап берген Д.Назарбаева.
Бұл ретте ол АКМ бұйырығының жобасымен таныспағанын атап өтті.
Сол күні алматылық журналистердің ақпарат және коммуникация министрлігінің (АКМ) іс-шараларға аккредиттеудің жаңа ережелері туралы бұйрық жобасына қарсы митинг өткізу туралы қалалық әкімдікке өтініш жолдағаны хабарланды.
14 ақпанда ҚазТАГ ХАА редакциясы бас прокуратураға журналистерді аккредиттеудің қолданыстағы ережесін күшейтуге бағытталған түзетулерді енгізу туралы ақпарат және коммуникация министрлігінің бастамасының заңдылығын түсіндіріп беру туралы бас прокурор Қайрат Қожамжаровтың атына ресми сауал жолдады. Атап айтқанда, редакция бас прокурордан 13 ақпанда АКМ қоғамдық талқылауға шығарған түзетулер жобасына жалпы және әр даулы тармақ бойынша жекелей оның заңдылығын түсіндіруді өтінді, сонымен қатар бақылаушы орган аталмыш дерек бойынша кімге қатысты және қандай уақытта қандай жауап қату шараларын қабылдайтынын сұрады. Жауап 18 ақпанда келді - журналистерді аккредиттеу қағидасының күшейтілуінің заңдылығын бас прокуратура тек ҚР ақпарат және коммуникация министрлігі (АКМ) түзетулерді қабылдағаннан кейін ғана тексере алады. Бұл ретте бас прокуратура агенттіктің бірде-бір сұрағына нақты жауап бермеген.
19 ақпанда үкімет кулуарында ҚР ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев орынның жетіспеушілігі мен журналистің шарттық қарым-қатынасы туралы құжатты ұсынуға қатысты бұйрық бөліктерін қайта қарауға болады деп мәлімдеді.
Сонымен қатар ол атап өткендей, оған «Журналистерді аккредиттеу қағидасын бекіту туралы» бұйрығындағы түзетулер туралы журналистердің пікірі маңызды.
«Маған сіздердің пікірлеріңіз маңызды. Қазір сіздерде сондай эмоционалды фон қалыптасып отыр, түсінемін. Оның барлығы онлайн аясында жасалып жатыр. Сіздер барлығыңыз оны көрдіңіздер, себебі біз бұл бұйрықты талқылау үшін жарияладық. Сіздер өздеріңізде талқылайсыздар. Дәлелдер келтіріп, бізге жауап беріңіздер. Мен сенімдімін, осында түрғандарыңыздың жартысы сол бұйрықты тіпті оқыған жоқ, ренжімеңіздер», - деді Д. Абаев.
20 ақпанда Абаев БАҚ аккредиттеудің жаңа ережесі консенсус нәтижесінде қабылдануы керек деп мәлімдеді.
Қазақстанда журналистерді аккредиттеудің қағидаларының дау тудырған түзетулерін қоғамдық талқылау аяқталды
