Қазақстанда жыл басынан бері эпидмаусым басталғалы ЖРВИ-дің жаңа 84 мың оқиғасы тіркелді

Күні: 19:41, 11-11-2014.

Астана. 11 қараша. ҚазТАГ – Қазақстанда 1 қазан мен 10 қараша аралығында ЖРВИ-дің жаңа 84 мың оқиғасы тіркелді, деп хабарлады ҚР Ұлттық экономика министрлігінің (ҰЭМ) тұтынушылардың құқығын қорғау комитетінің баспасөз қызметінен.  
«Эпидмаусым басталғалы (2014 жылғы 1 қазаннан бері) ЖРВИ-дің жаңа 84 мың оқиғасы тіркелді, ауырғандардың басым көпшілігі (71,4%) 14-ке толмаған балалар. Тұмаумен сырқаттану оқиғасы тіркелген жоқ», - делінген сейсенбі күні ҰЭМ сайтында жарияланған хабарда.
Сайтта жарияланған хабарда айтылғандай, тұмауға қарсы республика бойынша барлығы 1 233 335 адам  егілді (республика халқының жалпы санының 7,1%-і), оның ішінде 14 жасқа  дейінгі  393 338  бала және  839 997 ересек тұрғындар (оның ішінде 143 404 медицина  қызметкерлері және 61 469 жүкті әйелдер). Тұмауға қарсы вакцинацияланған адамдар санының өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 7,9%-ке өскені байқалады.
Профилактикалық  шаралар
Тұмаудың ерекше профилактикасы вакцинациялау болып табылады – ол тұмауға қарсы профилактиканың ең тиімді әдісі. Егер сіз уақытында екпе алсаңыз, онда тіпті тұмау вирусын жұқтырған жағдайда да, сіз аурудың ауыр өтуінен және одан әрі асқынуынан құтыласыз.
Тұмауға қарсы вакцинациялаудан басқа, тұмаудың және басқа да респираторлық инфекциялардың алдын алудың бірнеше күрделі емес, қарапайым тәсілдері бар. Бұл – адамдар көп жиналатын орындарға баруды шектеу, әсіресе жабық үй-жайларға (кинотеатрлар, балалар ертеңгіліктері), үй-жайларды жиі желдету, иммунды жақсарту препараттарын (анаферон,  интерферон, виферон, интерферон индукторы) пайдалану, гомеопатиялық препараттар, вирусқа қарсы жақпамайлар, полидәрумендерді қолдану, әсіресе лимондарда, итмұрындарда, анарда көп мөлшерде болатын С дәруменін қолдану. Кешкі ас кезінде құрамында табиғи фитонцидтер бар пиязды, сарымсақты қолдану  керек.
Анықтама ретінде: 44-аптада ДДҰ Еуропалық өңірінде (41 елде) тұмау төмен эпидемиологиялық белсенділігі сақталуда, шолғыншы эпидемиологиялық қадағалау  нәтижелері бойынша тұмау диагнозы 6 елде зертханалық расталған: Англия,  Ирландия,  Испания,  Финляндия,  Франция,  Швецияда.


Жаңалықтармен бөлісу: