Қазақстанда жыл басынан бері менингококк инфекциясынан ажал құшқандар саны – 15

Астана. 17 қазан. ҚазТАГ – Қазақстанда жыл басынан бері менингококк инфекциясынан қайтыс болған 15 адам тіркелген, деп хабарлады ҚР денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен.  
«2018 жылдың басынан бастап менингококк инфекциясының 85 жағдайы тіркелді, оның ішінде 69 адам ауруханадан шығарылған, 15 жағдай өліммен аяқталған, 1 науқас ем алып жатыр», - делінген сәрсенбіде министрлік сайтындағы хабарда.  
Баспасөз қызметінің ақпарынша, қазіргі уақытта республикада менингококк инфекциясының спорадиялық жағдайлары тіркелуде.    
«2018 жылғы 16 қазанда Астана қаласында менингококк инфекцияның 1 жағдайы тіркелді. Науқас инфекциялық стационарда ем алып жатыр, жағдайы тұрақты. Қатынаста болғандарға зертханалық тексеріс және медициналық бақылау жүргізіліп жатыр. Эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасуда», - делінген хабарда

adimage