Астана. 1 қазан. ҚазТАГ – Махамбет Абжан. Қазақстанда жыл сайын еңбек құлдығынан 100-ден астам адам құтқарылады, деп хабарлады ҚР бас прокуратурасы жанындағы Құқыққорғау органы академиясының аға оқытушысы Рахматулла Балашов.
«Қазақстанда жыл сайын еңбек құлдығынан 100-ден астам адам құтқарылады (…) Қазіргі күні адам саудасы – тиімді қылмыстық бизнестің бір түрі. Құлдықтың жаһандық индексіне сәйкес, бүкіл әлем бойынша 40 лмн жуық адам құлдықта жүр – бұл өте үлкен сан. Қазақстан 2017 жылы 167 орынның 83-сінде орналасқан еді (75 мың адам)», - деді Балашов «Адам саудасы мен заңсыз миграция айналымындағы заңсыз қаржы ағынының жолын кесу мақсаты бойынша халықаралық және өңірлік ынтымақтастық» (ТЛ/НВМ) тақырыбындағы өңірлік семинар кулуарында.
Ол сонымен қатар, 2017 жылы ішкі істер органдарының адам саудасымен байланысты 250 –ден астам қылмыстық істі қозғағанын айтты.
«Семинар баспасөзге арналмаған», - деп мәлімдеді БҰҰ есірткі мен қылмыс жөніндегі басқармасының аймақтық үйлестірушісі Данило Камписи агенттік тілшісіне.
Сонымен қатар, журналистрге семинардың қалған бөлігі баспасөз үшін жабық екені хабарланды. Бас прокуратура мен академия өкілдері БАҚ үшін түсінік беруден бас тартты.
Қазақстанда жыл сайын еңбек құлдығынан 100-ден астам адам құтқарылады
