Астана. 7 қазан. ҚазТАГ – Азиза Жамалиева/Әмір Қасенов. Қазақстанда жылына 2,5 мыңдай сәби өлімі тіркеледі екен, деп мәлімдеді денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.
«Бір жылда бізде 2,5 мыңдай сәби өлімі тіркеледі. Бүгінгі таңда 2200 жағдай. Өлім жағдайының көптігі Көкшетау, Қызылорда және Алматы облыстарында тіркелген. Бұл облыстардағы көрсеткіш Атыраудан екі есе жоғары», - деді дүйсенбіде үкімет кулуарында журналистердің сұрағына жауап берген Біртанов.
Бұған дейін белгілі болғандай, Атырау облыстық перинаталдық орталық дәрігерлері жаңа туылған шақалақты өлтірді деген күдікке ілінген еді. 4 қазанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінен хабарлағандай, жаңа туылған сәби дәрігерлердің немқұрайлығынан өлі туылды деп рәсімделген, бірақ ол тірі болған. Бала жыбырлаған кезде, сыбайлас жемқорлық қызметкерлерінің айтуынша, оны аман алып қалу шараларын шұғыл түрде қолданудың орнына дәрігерлер толтырылған құжатқа сәйкес әрекет етуді дұрыс санап, нәрестені тоңазытқышта қалдырған.
Сондай-ақ, белгілі болғандай, екі ай ішінде Атырау перзентханасында 40-тан аса нәрестенің шетінеп кету жағдайы тіркелген.
Еске салсақ, 6 тамызда ҚазТАГ ХАА Атырау облысы прокуратурасына сілтеме жасай отырып, 2019 жылдың басынан бастап Атырау облыстық перинаталдық орталығында туа сала шетінеп кеткен 56 бала тіркелген. 9 қаңтарда агенттік 2018 жылы сол перзентханада 100-ден астам шақалақ шетінегенін айтқан еді.
Қатысты сілтемелер
-
Ақтөбе облысында пойыз вагондары рельстен шығып кетті27 Наурыз 2024, 16:34
-
Бишімбаевтың ісі бойынша алқабилерді іріктеу жұмыстары аяқталды27 Наурыз 2024, 16:04
-
Ақтөбе әуежайы еріген су тасқынына байланысты жабылды27 Наурыз 2024, 14:51