Астана. 31 қазан. ҚазТАГ - Бауыржан Мұқанов. Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы Ануар Түгел мемлекет өзінің заңгерлік қызметтер нарығын реттеуі керек деп санайды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Кез-келген мемлекет өзінің заңгерлік нарығын қорғауы тиіс. Осында келетін кез-келген шетелдік компания, мысалы, біздің заңгерлік білімімізді меңгеруі керек, Жоғары сотта, әділет органдарында аккредителуі керек», - деді А.Тугел жуналистерге жұма күні «Қазақстанда заңгерлік қызмет нарығын реттеу» атты дөңгелек үстел отырысында.
«Адвокаттар заң бойынша халықтың әлеуметтік тұрғыдан нашар қорғалған тобына тегін түрде көмек көрсетеді. Аталарға, әжелерге, әскери қызметтегілерге, зейнеткерлерге, мүгедектерге. Ал шетелдік заң компаниялары тек мықты мұнай компанияларына ғана қызмет көрсетеді. Оларға бұл әлеуметтік конституциялық миссия жүктелмеген. Неге осындай теңсіздік? Неге тек олар ғана үлкен мұнай компанияларының келісімдерімен жұмыс жасайды?» - деп ашуланды ол.
Оның айтуынша, қазақстандық заңгерлер де қаржылық мониторинг субъектісі болып табылады, ал шетелдік компаниялардың коммерциялық заңгерлері тек «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының тендерлеріне ғана қатысады.
«Онда миллиардтаған сома бар! (…) Біздің «Самұрық-Қазына» (мемхолдингі - ҚазТАГ) осындай тендерлер өткізгенде тендерге қатысатын заңгерлік компанияда нақты бір рейтингтік заңгерлік компаниялардан алған қандай да бір стандарттары болғанын талап етеді. Олар біздің ұлттық компанияларымызда отырып алды, ал жұмыстың ең төменін адвокаттар атқарып жүр. Мемлекет бұл нарықты реттеу керек. Бұл жерде қазақстандық құрам болу керек», - деп санайды ол.
Алқа басшысы шетелдік заңгерлік компаниялары бар инвесторлардың қарым-қатынасы қазақстандық нормалармен емес, ағылшын құқығымен реттелетінін айтты. Нәтижесінде салықтың барлығы шетелге кетіп жатыр.
Сонымен қатар Қазақстанның әділет министрінің орынбасары Бақытжан Әбдірайым нарықта шетелдік компаниялардың заңгерлік қызметінің болуы - бұл бөлек проблема екенін айтты.
«Ұлттық қауіпсіздікті қорғау мақсатында біз бірауыздан шетелдік (заңгерлік - ҚазТАГ) компаниялардың қызметін шектеуіміз керек», - деп атады ол.
Е.Әбдірайымның пікірінше, қазіргі таңда Қазақстанда шетелде оқып, тәжірибеден өткен жоғары білікті кадрлар жеткілікті.
Қатысты сілтемелер
-
Астананы дамытудың бас жоспарын әзірлеуге Т10,3 млрд сұрауда
10 Қазан 2024, 16:17 -
Тоқаев пен Сердар Бердімұхамедов шағын құрамда келіссөз жүргізді
10 Қазан 2024, 15:54 -
Тоқаев Түрікменстанның Тәуелсіздік монументіне гүл шоғын қойды
10 Қазан 2024, 15:31