Қазақстандық ғалым Испанияда әл-Фарабидің 10 трактатын тапты

Күні: 12:34, 15-10-2014.

Алматы. 15 қазан. ҚазТАГ – Мәдина Әлімханова. Р. Сүлейменов ат. Шығыстану институтының директоры Әбсаттар Дербісәлі Испаниядан әл-Фарабидің 10 трактатын тапты.
«Профессор Ә. Дербісәлі Рабат және Касабланка кітапханалары мен Фес қаласындағы (Марокко) Х ғасырда құрылған  әл-Карауин университетінің қорынан қазақ халқының орта ғасырлық тарихы мен мәдениетіне қатысы бар маңызды жазба дереккөздерін тапты. Ғалым Испанияның Эскурила кітапханасынан Әбу Насыр әл-Фарабидің бұзау терісіне жазылған 10 трактатын тапты», - делінген сәрсенбі күнгі баспасөз мәслихатында таратылған ақпараттық парақшада.  
Ә. Дербісәлі бұрындары әл-Фарабидің тек 10 трактаты Алматыда жарияланған деді.
«Мен ол кітапханада 10-11 күн жұмыс істеп, не тптым десеңізші? Ол мен үшін күтпеген жәйт болды, мен осы кітапхананың қол жазбалар қорынан  Әбу Насыр әл-Фарабидің бұзау терісіне жазылған 10 трактатын таптым. Әл-Фараби 100-ден астам трактаттардың авторы. Қазақ ғалымдары 60-шы жылдары орысшаға және қазақшаға аударып 10-шақты трактарттарды басып шығарған. Міне тағы 10 трактат табылып отыр», - деді ол.  
Ә. Дербісәлі Эскурилдің кітапханасынан Сайрамда тұрған орта ғасырлық үш ғалымның қолжазбаларын тапқанын айтты.
Бұл ретте әл-Фараби ат. ҚазМҰУ кафедра меңгерушісі Қалқаман Жұмағұлов Ватиканда Аттиланың бұрын беймәлім болған суретін тапқанын мәлім етті.
«Профессор Қ. Жұмағұлов Ватиканда бұрын соңды ғұндар тарихына арналған бір де басылымдарда кездеспеген Аттиланың суретін тапты. Әңгіме Ватикан мұражайының құрамына кіретін геграфиялық карталар галереясы туралы болып отыр», - делінген ақпараттық парақшада.
Бұл ретте осылар «Қазақстан тарихының шетелдік мұрағаттардағы дерек көздері» жобасының аясындағы ғылыми іссапарлар барысында табылғаны айтылады.
Хабарда айтылғандай, жаңа құжаттар мен артефактілерді іздестіру жалғасуда.


Жаңалықтармен бөлісу: