Қазақстандық ауыр атлет Артем Антропов Фиджиде Әлем чемпионатында «күміс» жеңіп алды

Күні: 15:07, 05-06-2019.

Астана. 5 маусым. ҚазТАГ – Қазақстандық ауыр атлет Артем Антропов Фиджиде Әлем чемпионатында «күміс» жеңіп алды, деп хабарлады ҚР Ауыр атлетика федерациясының (ААФ) баспасөз қызметінен.
«Бүгін Фиджа астанасы Сува қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы ауыр атлетикадан Әлем чемпионатының жарыс кілеміне Антропов Артем шықты. 96 кг салмаққа дейінгі санатта 352 кг (155+197) қоссайыста Артем қазақстандық құрама қоржынын күміс медальмен толықтырды. Бұдан басқа спортшы жұлқа көтеруде кіші күміс медаль иемденді», - делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.
6 маусымда 81 кг салмақта Карина Құзғанбаева шығады деп жоспарлануда, ал 7 маусымда жарыс кілеміне 87 г салмақта Дарья Ахмерова шығады.


Жаңалықтармен бөлісу: