Қазақстандық авиакомпаниялар 2020 жылға қарай 61 әуе кемесін сатып алуды жоспарлап отыр

Күні: 13:51, 29-10-2014.

Астана. 29 қазан. ҚазТАГ – Қазақстандық авиакомпаниялар 2020 жылға қарай 61 әуе кемесін сатып алуды жоспарлап отыр, делінген ҚР инвестициялар және даму министрлігінің таратқан хабарында.
Ведоство сайтында жарияланған хабарда атап көрсетілгендей, алдын-ала есепке сәйкес, Азаматтық авиация комитетінің ИКАО-ның стандарттарына сәйкестігі 65% болып бағаланған. Бұл 2009 жылға қарағанда 18%-ға артық, ал орташа әлемдік көрсеткіш 60%.
Әуежайлардың инфрақұрылымдарын дамыту жөніндегі жұмыстар жалғастырылуда. 2014 жылы Талдықорғандағы әуежайдың ұшу-қону жолағын (ҰҚЖ) реконструкциялау, ал Орал қаласында реконструкциялаудың І кезеңі аяқталды.
Жалпы 2020 жылға қарай еліміздегі барлық ірі әуежайлар модернизацияланып бітеді.
Әуе кемелерінің паркін жаңарту маңызды мәселелердің бірі болып қалуда. Жыл басынан бері Авиакомпаниялар 8 қазіргі заманғы ұшақ сатылып алынды, 2020 жылға дейін 61 әуе кемесін алу жоспарлануда. Бұл жаңадан 75 халықаралық қосымша әуе қатынасын ашуға мүмкіндік береді, сөйтіп олардың жалпы саны 128-ге жететін болады.
Су көлігіндегі инфрақұрылымға келетін болсақ, Ақтау сауда портын солтүстік бағытта кеңейту жұмыстары жалғастырылуда. Оның қуаты 3 құрғақ жүк терминалын салу арқылы ұлғайтылатын болады. Нәтижесінде порттың өткізу қабілеті 2,5 млн тоннаға артады.
Құрық портында қуаттылығы 3 млн тоннаға дейінгі паром кешенін құру жоспарлануда. Осы мақсатпен «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы биылдың өзінде Боржақты-Ерсай темір жол тармағын салуды бастайды.


Жаңалықтармен бөлісу: