Қазақстандық Қажыбаев Мароккода дзюдодан Гран-придің күміс жүлдегері атанды

Күні: 12:41, 11-03-2019.

Астана. 11 наурыз. ҚазТАГ – Қазақстандық Ерасыл Қажыбаев Мароккода дзюдодан Гран-придің күміс жүлдегері атанды, деп хабарлады ҚР Ұлттық олимпиада комитеті баспасөз қызметінен.
«Дзюдодан Марокконың Марракеш қаласында дзюдодан Гран-при турнирі аяқталды. Соңғы жарыс күнінде Қазақстан қоржыны тағы бір медальмен толықты. Аса ауыр салмақта сынға түскен Ерасыл Қажыбаев өз мансабында тұңғыш рет Гран-при финалына дейін жеткен болатын. Ақтық сында қазақстандық спортшы германиялық Свен Хайнлдан "иппон" әдісімен жеңіліп қалды. Осылайша, Ерасыл Гран-при турнирінің күміс жүлдегері атанды», - деп хабарлайды Olympic.kz. дүйсенбіде.
Еске салсақ, бұған дейін Ерлан Серікжанов қола медаль иемденді.
Жалпы турнирге Қазақстан атынан 19 спортшы қатысуда.


Жаңалықтармен бөлісу: