Қазақстандық балалар хирургиясының негізін қалаушы – академик Камал Ормантаев қайтыс болды

Астана. 12 ақпан. ҚазТАГ- 89 жасында қазақстандық балалар хирургиясының негізін қалаушы Камал Ормантаев қайтыс болды-академиктің қайтыс болғаны туралы оның ұлы Жарас Ормантаев хабарлады.

 «Бүгін түнде менің сүйікті әкем, қазақстандық балалар хирургиясының негізін қалаушы, академик Камал Ормантаев дүниеден өтті", - деп жазды оның ұлы – дипломат Жарас Ормантаев Facebook парақшасында.

1959 жылы ҚазММИ педиатрия факультетін, 1961 жылы балалар хирургиясы кафедрасының клиникалық ординатурасын, 1965 жылы Алматы медициналық институтының госпитальдық хирургия кафедрасының аспирантурасын, содан кейін КСРО МҒА педиатриясы ҒЗИ докторантурасын бітірген.

Камал Сәруарұлы Ормантаев – дәрігер -педиатр, медицина ғылымдарының докторы, профессор, ғылымға еңбегі сіңген қайраткер, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстан Республикасының Профилактикалық медицина академиясының академигі және вице-президенті, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.

Алматы медициналық институтының балалар хирургиясы кафедрасының ассистенті, аудандық ауруханада дәрігер-педиатр болып жұмыс істеген. 1968-2011 жылдары ҚазҰМУ-дың балалар хирургиясы кафедрасын басқарды, сонымен қатар Алматы медицина институтының педиатрия факультетінің деканы (1978-1980, 1989-1991) және Қазақстан Республикасының Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының директоры (1919-1918) болды. Ол 20 мыңға жуық хирургиялық ота жасап, Қазақстанда бірінші болып балалардың кеуде қуысының туа біткен деформациясына торакопластика жасады.

adimage