Қазақстандық Бангкокте садақ атудан Азия Кубогінде «қола» иемденді

Күні: 12:59, 29-03-2019.

Астана. 29 наурыз. ҚазТАГ –Қазақстандық Санжар Мұсаев Бангкокте садақ атудан Азия Кубогінде «қола» иемденді, деп хабарлады ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметінен.
«Тайландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан садақ атудан Азия кубогі додасында Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түсті. Команда мүшесі Санжар Мұсаев олимпиадалық айналым бойынша қола жүлдегер атанды», - делінген жұмадағы хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, 29 наурызда классикалық садақтан атуда алтын медаль үшін Ильфат Абдуллин бақ сынайтын болады.
«Өз кезегінде Рүстам Қарабалаев блоктық әдістен финалда бақ сынайды. Қыздар арасында блоктық әдіспен ату бәсекесінде Қазақстан сапынан ең жоғарғы нәтижені Мария Өмірзақова тіркеді. Ол 683 ұпаймен 9-шы орын иеленген болатын», - деді ҚР ҰОК.
Садақ атудан Азия Кубогі Бангкокте 24 наурызда басталды және 31 наурызға дейін жалғасатын болады.


Жаңалықтармен бөлісу: