Қазақстандық бітімгершілер Түркиядағы НАТО жаттығуларына қатысады

Күні: 18:27, 21-10-2014.

Астана. 21 қазан. ҚазТАГ – Қазақстандық бітімгершілер Стамбулдағы НАТО «REGEX-2014» жаттығуларына қатысады, деп хабарлады Қазақстан қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.
«Қазақстандық «Қазбриг» бітімгерлік бригадасының офицерлері НАТО «REGEX – 2014» командалық-штабтық жаттығуына қатысуда (Өңірлік жаттығу) Стамбул (Түркия).
Жаттығуға 130 әскери қызметші, сондай-ақ үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың өкілдері тартылған», - делінген ведомство баспасөз қызметі таратқан хабарда.
Жаттығу барысында жоспарлаудың деңгейін көтеру, көпұлтты әскери контингент күштерімен дағдарыс ауданында бітімгерлік операцияларды НАТО стандарты бойынша жүргізу сұрақтары пысықталады.
Командалық-штабтық «Өңірлік жаттығу 2014» шарасы барысында тәжірибе үшін озық алдау (симуляция) жүйесі қолданылады.
Аталған жаттығуға НАТО біріккен күштері қолбасшылығы өкілдері өзге елдердің бақылаушыларымен бірлесіп баға бермек.
«REGEX – 2014» жаттығуына Әзірбайжан, Алжир, Босния мен Герцеговиня, Иордания, Қазақстан, Македеония, Молдова, Мавритания, Пәкстан, Сербия, Түркия, Черногория мен Украина елдерінің өкілдері қатысуда.


Жаңалықтармен бөлісу: