Қазақстандық боксшылар Азия чемпионатында екі алтын медаль иемденді

Алматы. 26 сәуір. ҚазТАГ – Қазақстандық боксшылар Тұрсынбай Құлахмет пен Бек Нұрмағанбет Азия чемпионатында екі алтын медаль иемденді, деп хабарлады Olympic.kz.
«75 келідегі Тұрсынбай Құлахмет ақтық сында үндістандық Ашиш Кумарды жеңіп, өз мансабында алғаш рет құрлық чемпионы атанды… Төрешілер бірауыздан қазақстандықты жеңімпаз деп таныды. Осылайша Құлахмет Қазақстанға Азия чемпионатынан алғашқы «алтын» медальді әкелді», - делінген хабарда.
81 келіде жұдырықтасқан қазақ боксшысы финалда филиппиндік Джон Нобель Марвинді жеңіп, құрлық бәсекесінен қара үзіп шықты.
Сонымен қатар, қазақстандық Қамшыбек Қоңқабаев бокстан Азия чемпионаты аясында «күміс» иеленді.

adimage