Астана. 30 шілде. ҚазТАГ – Қазақстандық Данияр Қаленов Минскіде өткен грек-рим күресінен халықаралық турнирде «қола» иемденді, деп хабарлады ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің (ҰОК) баспасөз қызметінен.
«Грек-рим күресінен Қазақстан командасы Минскідегі Олег Караваев турнирін төрт медальмен тәмамдады. Соңғы жарыс күнінде Данияр Қаленов жеңіс тұғырынан көрінді. Ол 67 келі салмақта үздіктер қатарына еніп, қола медаль жеңіп алған», - делінген хабарда.
Еске салсақ, бұған дейін Мейрамбек Айнағұлов (63 келі), Мейіржан Шермаханбет (72 келі) және Ерұлан Ысқақов (97 келі) турнирдің қола жүлдегері атанған болатын.
Қазақстандық Данияр Қаленов Минскіде өткен грек-рим күресінен халықаралық турнирде «қола» иемденді
