Қазақстандық дзюдошы Бозбаев Фуджейрадағы Азия чемпионатында «қола» иемденді

Астана. 23 сәуір. ҚазТАГ - Қазақстандық дзюдошы Ислам Бозбаев Фуджейрадағы Азия чемпионатында «қола» иемденді, деп хабарлады ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметінен.
«Фуджейрада дзюдодан Азия чемпионаты аяқталды. Бүгін татамиге шыққан балуандарымыз арасынан Ислам Бозбаев қана көзге түсті. Спортшымыз 90 кг дейінгі салмақта жеңіске жетті. Жарыс басында Бозбаев Тайбэй мен Қырғызстан өкілін жеңді. Жартылай финалда тәжікстандық спортшыға есе жіберген Бозбаев қола медаль үшін күресте кореялық Донгхан Гвакты ұтты. Осылайша, дзюдодан Қазақстан командасы Азия біріншілігінен 6 медаль еншіледі», - делінген хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, бұған дейін алтын медальды Ерлан Серікжанов, күміс медальды Галбадрах Отгонцэцэг, Елдос Жұмақанов, қола медальды Гусман Кыргызбаев пен Севара Нишанбаева алған еді.

adimage