Астана. 18 маусым. ҚазТАГ – Қазақстандық дзюдошы Серік Салменов Ресейдегі халықаралық турнир жеңімпазы болды, деп хабарлады ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметінен.
«Ресейдің Красноярск қаласында дзюдодан Владимир Гулидовты еске алуға арналған халықаралық турнир өтті. Аталған сында қазақстандық Серік Сәлменов пен Индира Бектиева жүлдеге ілікті. Сәлменов өз салмағында бірінші орын иеленсе, Бектиева қола жүлдегер атанған», - делінген дүйсенбідегі хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, дзюдошылар додасына Ресейдің 15 аймағынан, сондай-ақ, Моңғолия, Қазақстан, Қытай, Өзбекстаннан 150-ге жуық спортшы қатысты.
«Жарыс жеңімпаздары салмағы 30 грамнан жоғары нағыз алтынмен марапатталған», - деді ҚР ҰОК-нен.
Қатысты сілтемелер
-
Түркістанда жолдарды түгендеу және паспорттау қызметіне Т150 млн жұмсамақ28 Наурыз 2024, 17:22
-
ТЖМ Қазақстандағы су тасқыны бойынша жедел ақпарат ұсынуға қауқарсыз болып шықты28 Наурыз 2024, 17:17
-
Ауыр қылмыс жасаған екі күдікті Түркиядан Алматыға жеткізілді28 Наурыз 2024, 17:07
-
Тоқаев ЭЫДҰ бас хатшысымен кездесті28 Наурыз 2024, 16:51
-
Қазақстанда 15 сәуірден жол жүрісі қауіпсіздігі бойынша жаңа жобаның пилоты басталмақ28 Наурыз 2024, 16:34