Қазақстандық экспортшылар Украинамен шекарада Ресейдің әрекеті салдарынан күніне Т5 млн астам жоғалтып отыр

Күні: 16:04, 05-07-2019.

Астана. 5 шілде. ҚазТАГ – Қазақстандық экспортшылар Украинамен шекарада Ресейдің әрекеті салдарынан күніне Т5 млн астам жоғалтып отыр, деп хабарлады «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының (ҰКП) баспасөз қызметінен.
«2014 жылдың соңынан отандық кәсіпкерлер Қазақстанға еуропалық елдер және Украинадан импортталатын тауарларға қатысты шектеулер мен тыйымдарға тұрақты түрде тап болса, енді биылғы жылдың 1 маусымынан бастап түйткілді мәселелер отандық экспорттаушыларда да басталған. Алдын ала деректерге сәйкес кәсіпкерлеріміздің Ресей және Украина шекарасында вагондардың тұрып қалуы салдарынан тәулік сайынғы шығандары (келісімшарттар бойынша айппұлдық санкцияларды есептемегенде) 5 млн-нан астам теңгені құрап отыр», - деп хабарлады ұлттық палатадан.
Хабарда атап өтілгендей, қабылданған шешімге сәйкес, Ресей және Қазақстанның өкілетті органдары арасында Ресей Федерациясының Экономикалық даму министрлігінің рұқсатары негізінде тауарларды шығару көлемін мақұлдау тәртібі әзірленген. Алайда, аталған тәртіп қазақстандық компанияларды Ресей және Украина шекарасындағы түйткілдерден қорғай алмады.
«Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасының орынбасары Евгений Больгерттің хабарлауынша, қазіргі таңда «ҚТЖ-Жүк тасымалдары» АҚ-тың ақпаратына сәйкес Ресей және Украина шекарасындағы Валуйки станциясында Қарағандыдан Кривой Рогқа бағыт алған көмір концентраты тиелген 426 қазақстандық вагон тұрып қалған. Кідіріске Ресей Федерациясынан Украинаға тауар кіргізуге рұқсаттың болмауы себеп болған», - деп хабарлады ҰКП төрағасының орынбасары Евгений Больгерт.
2019 жылдың 1 маусымынан бастап Ресей Федерациясы Украинаның аумағына тізбе бойынша тауарларды (мұнай, мұнай коксы, битум қоспалары, этан, бензол, толуол және т.б.) экспорттауға толық тыйым салынғанын, сонымен қатар Ресей Федерациясының Экономикалық даму министрлігі берген рұқсаттар негізінде экспортталатын тауарлардың тізбесі (көмір, кокс, бензин, дизель отыны, пропан, сұйытылған газдар) бекітілгенін хабарлайды.
«Қабылданған шешімге сәйкес, Ресей және Қазақстанның өкілетті органдары арасында Ресей Федерациясының Экономикалық даму министрлігінің рұқсаттары негізінде тауарларды шығару көлемін мақұлдау тәртібі әзірленген. Алайда, аталған тәртіп қазақстандық компанияларды Ресей және Украина шекарасындағы түйткілдерден қорғай алмады», - деп мәлімдеді ҰКП.
Осыған дейін Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Ресей территориясы бойынша транзиттің шектелуіне байланысты тәуекелдерді болжап, өкілетті органдар және ЕЭК назарын отандық бизнес келешекте тап болатын мәселелерге аударып, аталған мәселені бірнеше рет көтерген болатын.
«Дегенмен, шешім қабылданды, ал Ресей және Қазақстанның өкілетті органдары арасындағы өзара әрекеттесу тәртібі Қазақстаннан Ресей және үшінші елдерге жүк тасымалдарының кедергісіз өтуін қамтамасыз етпей отыр», - делінген хабарда.
Ұлттық палатада атап өткендей, «отандық кәсіпкерлер үшін Ресей аумағы бойынша транзит – халықаралық жүк тасымалдарын жүргізуде аса маңызды ежелден қалыптасқан бағыт».
«ЕАЭО шеңберінде интеграциялық қарым-қатынастардың тереңдеуіне және Одақтың кедендік қызметтерінің тығыз әрекеттесуіне қарамастан бизнес мәселелермен бетпе-бет қалуда. Мәселелердің дені, бірінші кезекте, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің біреуі осындай шешім қабылдауы кезінде диалог пен келісілген әрекеттердің болмауына байланысты», - деп атап өтті «Атамекенде».
Сонымен қатар, Ресей Федерациясы қабылдаған нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес, сонымен қатар Ресей Федералды кеден қызметінің хат түріндегі түсіндірмесіне сәйкес аталған тыйым Ресей аумағы арқылы Украинаға экспорт және транзитке қолданылады, соның ішінде Украина аумағы арқылы транзиттелетін тауарларды үшінші елдерге тасымалдауларға тыйым салынған.
«Атамекен» ҚР ҰКП барлық кәсіпкерлерден Қазақстаннан Украина территориясына тасымалдауларға қатысты қабылданған өзгерістерді ескере отырып, отандық бизнестің қызметіне кедергі келтіретін теріс салдарды азайту бойынша барлық қажетті шараларды қолдануды сұрайды.


Жаңалықтармен бөлісу: