Қазақстандық Елена Рыбакина Лондондағы «Уимболдонның» бірінші айналымында жеңіске қол жеткізді

Күні: 09:37, 26-06-2019.

Астана. 26 маусым. ҚазТАГ – Қазақстандық Елена Рыбакина «Уимболдонның» бірінші айналымында жеңіске қол жеткізді, деп хабарлады ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің (ҰОК) баспасөз қызметінен.
«Лондонда Wimbledon халықаралық теннис турнирінің квалификациялық раунды басталды. Қазақстандық Елена Рыбакина турнирдің келесі раундына өтті», - делінген сәрсенбідегі хабарда.
ҰОК хабарлағандай, бірінші матчта Рыбакина Аустралия өкілі Эллен Перезбен кездесті. Матч 1 сағат 8 минутқа созылып, 6:1, 6:4 есебімен қазақстандықтың пайдасына шешілді. Келесі матчта Рыбакина кортқа Нидерландыдан келген Ришель Хогенкапқа қарсы шығады.
Уимблдон турнирі – халықаралық теннис турнирі, ол Үлкен шлем турнирінің төрттігіне кіреді. Жарыстың негізгі ойындары дәстүрлі түрде екі апталық үзіліспен 1-15 шілде аралығында өтеді, жеңімпаздар ересектер арасында бес топта, ересек юниорлар арасында - төрт, мүгедек-арбада отыратындар арасында төрт топта анықталады.


Жаңалықтармен бөлісу: