Қазақстандық Елжана Тәниева Түркияда өткен Ислам ынтымақтастығы ойындарында алтын және екі қола медаль жеңіп алды

   Астана. 15 тамыз. ҚазТАГ – Қазақстандық гимнастшы Елжана Тәниева Түркияда өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында алтын және екі қола медаль жеңіп алды, деп хабарлады Қазақстанның Ұлттық Олимпиадалық комитетінің (ҰОК) баспасөз қызметі.
   «Қазақстандық гимнаст Эльжана Тәниева Түркия елінде өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында алтын медаль жеңіп алды. Спортшы доп жаттығуларында жеңіске жеткен»,- делінген дүйсенбі күнгі хабарламада.
   Сонымен бірге, Тәниева құрсау және лентамен жаттығуларда қола медаль жеңіп алды.
  «Командалық көпсайыста Эльжана Тәниева мен Айбота Ертайқызы командалық көпсайыста қола жүлде иеленді»,- деп қосты ҰОК.

adimage