Қазақстандық еркін күресші Нұрислам Санаев Олимпиада иесін жеңіп, жартылай финалға шықты

Астана. 4 тамыз. ҚазТАГ – Еркін күрестен қазақстандық спортшы Нұрислам Санаев Токио Олимпиадасында жапондық спортшы Юки Такахашиді жеңіп, жартылай финалға шықты, деп хабарлады Қазақстанның Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметінен.
«Еркін күрестен 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен қазақстандық Нұрсилам Санаев ширек финалда қарсыласын ұтты. Ширек финалда ол әлем чемпионы, Азия ойындарының жүлдегері жапониялық Юки Такахашимен белдесті. Белдесу 6:4 есебімен аяқталып, Нұрислам Санаев келесі айналымға жолдама алды», - делінген сәрсенбідегі хабарда.
ҰОК нақтылағандай, жартылай финалдық бәсекелер Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 15:00-де басталады.
Еске салсақ, Санаев Гвинея-Биссау елінен келген спортшыны 7:0 есебімен ойсырата жеңген еді.

adimage