Астана. 4 тамыз. ҚазТАГ – Қазақстандық ескекші Наталья Сергеева Токио Олимпиадасында ширек финалға шықты, деп хабарлады Қазақстанның Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметінен.
«Токиода байдарка мен каноэде есуден жарыстар жалғасып жатыр. Әйелдер арасында байдаркада есуден 500 м қашықтық бойынша Қазақстан сапынан Наталья Сергеева қатысты. Іріктеу кезеңінің нәтижесі бойынша ол тиісті қашықтықты 2:01.374 уақытта бағындырып, жетінші орыннан көрінді. Мұндай көрсеткіш отандасымыздың ширек финалда сынға түсуіне мүмкіндік береді», - делінген сәрсенбідегі хабарда.
ҰОК нақтылағандай, ширек финал да сәрсенбі күні өтеді.
Қатысты сілтемелер
-
Экс-министр Асхат Оралов президент әкімшілігінің меминспекторы болды28 Наурыз 2024, 16:03
-
Си Цзиньпин Қазақстанға шілдеде келеді деп күтілуде28 Наурыз 2024, 15:58
-
Тоқаев Қытайда БҰҰ бұрынғы бас хатшысы Пан Ги Мунмен кездесті28 Наурыз 2024, 14:34
-
Ешкім көмексіз қалмайды – Бектенов28 Наурыз 2024, 14:26