Қазақстандық Галбадрах Загребте дзюдодан әлемік гран-при «алтынды» жеңіп алды

Күні: 11:37, 29-07-2019.

Астана. 29 шілде. ҚазТАГ – Қазақстандық Отгонцецег Галбадрах Загребте дзюдодан әлемдік деңгейдегі гран-при «алтынды» жеңіп алды, деп хабарлады Ұлттық олимпиада комитетінің (ҰОК) баспасөз қызметінен.
«26 шілдеде Загребте (Хорватия) өткен дзюдодан Қазақстанның әйелдер командасының көшбасшысы Отгонцецег Галбадрах әлемдік деңгейдегі гран-при «алтынды» иемденді», - делінген хабарда.
ҰОК нақтылағандай, 48 келіде белдескен Қазақстан командасының мүшесі финалға дейін сүрінбей, ақтық айқаста франциялық Милана Клементті ұтты.
«Финалға дейін Галбадрах Австрия және Қытай спортшыларынан басым түскен болатын. Сондай-ақ, бүгін 60 келіде белдескен Дәурен Сүйеукенов жұбаныш кездесуінде жеңілсе, Ғұмар Қырғызбаев екінші айналымда қарсыласқа есе жіберді», - делінген хабарда


Жаңалықтармен бөлісу: