Қазақстандық газшылар #Birge #TazaQazaqstan экологиялық акциясына қатысты

Астана. 5 тамыз. ҚазТАГ – Қазақстандық газшылар #Birge #TazaQazaqstan экологиялық акциясына қатысты, деп хабарлады «ҚазТрансГаз» (ҚТГ) АҚ баспасөз қызметінен.
«Ұлттық газ операторы «ҚазТрансГаз» АҚ қызметкерлері #Birge #TazaQazaqstan жалпы республикалық экологиялық акцияға қатысты. Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы экологиялық сенбілікке компанияның 200-ден астам қызметкері шықты. Елдің барлық аумағында болып жатқан #Birge#TazaQazaqstan челленджіне үлес қосу туралы бастаманы «ҚазТрансГаз» компаниялар тобының Жастар ісі жөніндегі кеңесінің мүшелері көтерді», - деп хабарлады дүйсенбіде ҚТГ.
Еске салсақ, Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі бастама жасаған #Birge #TazaQazaqstan акциясы Қазақстан бойынша ерекше қолдауға ие болып отыр. Оның негізгі мақсаты барлық қазақстандықтардың назарын, еліміздің экологиялық проблемеларына аударуға және табиғи ресурстарды қорғау мен сақтау мәдениетін көтеруге бағытталған.
«Нұр-Сұлтанда, газ саласының жас қызметкерлері астана тұрғындарымен, еріктілермен, қоғам қайраткерлерімен және экологиялық белсенді азаматтармен бірге Майбалық көлінің жағалауына тазалық жұмыстарын жүргізді. Олар бірнеше сағат ішінде 9 тонна қоқыс жинады. Алматыда Үлкен Алматы өзенінің жағалауында тазалау және жиыстыру жұмыстары жүргізілді», - деді баспасөз қызметінен.
«ҚазТрансГаз» АҚ компаниялар тобының Жастар ісі жөніндегі кеңесінің мүшесі Мәди Сандыбай, компания жастары экоакция өткізу идеясын үлкен құлшыныспен қабылдағанын жеткізді.
«Бұл бір тамаша, пайдалы челлендж. Экологиялық сенбілікке қатысу идеясымен, біз бірден келістік. Қазақстанның бас қаласындағы қоршаған ортаны қорғау, оның экологиясын жақсартуға үлес қосу – біздің міндетіміз, борышымыз. Көл жағасын қоқыстан тазарту барысында байқағанымыз, басым бөлігі – пластикалық бөтелкелер мен пакеттер. Бұлар, бұл жерде ғасырлар бойы жатуы мүмкін еді. Қазақстанға, келешекте, тұрмыста қолданылып жүрген полиэтилен пакеттерден толығымен бас тарту қажет деп ойлаймын, себебі бұл әлемдік тәжірибеге айналды. Экологиялық материалдарды пайдалануға көшу, ел табиғатын қорғауға жасалған үлкен қадам болмақ», - деді Мәди Сандыбай.

adimage