Астана. 21 маусым. ҚазТАГ - Ұлан-Батырда өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында қазақстандық Милад Карими күміс жүлде иеленді, деп хабарлады ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметінен.
«Карими еркін жаттығудан өткен финалдық кезеңде 14.533 ұпай жинады. Бірінші орын иеленген қытайлық гимнастың да ұпай көрсеткіші дәл осындай. Алайда, бағдарлама қиындығына байланысты алтын жүлде қарсыластың еншісінде кетті. Қола медальді 14.400 ұпай иеленген жапониялық спортшы иемденді», - делінген жұмадағы хабарда.
Айта кетелік, ертең Милад Карими тағы үш жаттығу бойынша финалда бақ сынайды. Одан бөлек, Нариман Курбанов пен Аким Мусаев гимнастикалық ат снарядындағы жаттығудың ақтық сынында өнер көрсетеді.
Қатысты сілтемелер
-
Түркістанда жолдарды түгендеу және паспорттау қызметіне Т150 млн жұмсамақ28 Наурыз 2024, 17:22
-
ТЖМ Қазақстандағы су тасқыны бойынша жедел ақпарат ұсынуға қауқарсыз болып шықты28 Наурыз 2024, 17:17
-
Ауыр қылмыс жасаған екі күдікті Түркиядан Алматыға жеткізілді28 Наурыз 2024, 17:07
-
Тоқаев ЭЫДҰ бас хатшысымен кездесті28 Наурыз 2024, 16:51
-
Қазақстанда 15 сәуірден жол жүрісі қауіпсіздігі бойынша жаңа жобаның пилоты басталмақ28 Наурыз 2024, 16:34