Қазақстандық гимнастшы Израильдегі халықаралық турнирде «қола» иемденді

Астана. 30 мамыр. ҚазТАГ – Қазақстандық гимнастшы Израильдегі халықаралық турнирде «қола» иемденді, деп хабарлады ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің (ҰОК) баспасөз қызметінен.
«Көркем гимнастикадан Израильдің Холон қаласында өткен халықаралық турнир қазақстандық Роза Абитова үшін сәтті аяқталды. Ол үздік үштік қатарына енді. Көпсайыс қорытындысы бойынша Роза 70.25 ұпай жинап, қола медальға қол созды. Сондай-ақ, ол ұршық, доп және таспамен жаттығуда үшінші орын иемденді», - делінген хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, жеңіс ресейлік Дарья Приданниковаға бұйырды – 77,1 балл, 2 орында болгарлық Татьяна Воложанина – 75,8.
Сондай-ақ, ҰОК хабарлағандай, мұнымен қоса Гран-при де болған, онда Адиля Тлекенова 18-ші көрсеткіш көрсеткен.

adimage