Астана. 26 ақпан. ҚазТАГ – Қазақстандық каратешілер Словакияда Гран-приден 7 алтын иемденді, деп хабарлады Қазақстан Ұлттық олимпиада комитетінің (ҰОК) баспасөз қызметінен.
«Словакияның Братислава қаласында каратеден Гран-при бәсекесі аяқталып, Қазақстанның кадеттер, жасөспірімдер, жастар және ересектер құрамасы жалпы есебі 7 алтын медаль жеңіп алды. Жалпыкомандалық есепте Қазақстан командасы екінші орынға тұрақтады», - деп хабарлады сейсенбіде ҰОК.
Біздің құрама сапынан Ермұхаммед Мэлс, Әсемгүл Ердәулет, Николь Ценгел, Олжас Құлажан, Ілияс Бекзадаев, Самат Қадырханов, Диана Мұсабаековалар чемпион атанды.
Сондай-ақ, команда қоржынында 4 күміс пен 11 қола жүлде бар.
Қазақстандық каратешілер Словакияда Гран-приден 7 алтын иемденді
