Қазақстандық Карина Ибрагимова бокстан әлем чемпионатында «қола» иемденді

Күні: 19:36, 22-11-2018.

Астана. 22 қараша. ҚазТАГ – Қазақстандық   Карина Ибрагимова бокстан әлем чемпионатында қола медаль иемденді, деп хабарлады Қазақстан бокс фелерациясының баспасөз қызметінен (ҚБФ).
«Карина Ибрагимова ширек финалда 2016 жылдың Әлем чемпионы Венлю Янгты 5:0 есебімен жеңген болатын. Карина Ибрагимова Ақмола облысының спортшысы. 2015 жылғы ел біріншілігінің күміс жүлдегері», - деді ҚБФ баспасөз хатшысы Галина Тополева бейсенбіде.
Ол нақтылағандай, Ақмола облысынан шыққан 22 жасар спортшы әлем біріншілігіне алғаш рет қатысты.  
«Ал ертең, яғни, 23 қараша күні Жайна Шекербекова (51 кг) Цукими Намикиге (Жапония) қарсы өнер көрсетеді (1 жұп). Бұл жекпе-жкеті де «BFI Official» арнасынан тамашалайсыз.Жайна Шекербекова 2010 жылғы Азия чемпионы, 2013-2014 жылдары қатарынан ҚР чемпионаттарының жеңімпазы атаған, 2016 жылғы Әлем біріншілігінде қола жүлдеге қол жеткізген, бірнеше мәрте халықаралық дәрежедегі турнирлерде алтынан алқа тағынған өте тәжірибелі спортшы. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері», - деді  Г. Тополева.


Жаңалықтармен бөлісу: