Қазақстандық хоккейшілер ЖӘЧ-2019 жұбаныш раундының бірінші матчында даниялықтарды жеңді

Астана. 3 қаңтар. ҚазТАГ – Қазақстандық хоккейшілер 2019 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионатының (ЖӘЧ) жұбаныш раундының бірінші матчында даниялықтарды жеңді, деп хабарлады Қазақстанның Ұлттық олимпиада комитетінің (ҰОК) баспасөз қызметінен.
«Қазақстан командасы алғашқы кездесуінде Дания командасын 4:3 есебімен жеңді. Біздің командадан Олег Бойко, Ернар Мұсабаев, Саян Данияр және Артур Гатиятов бір-бір реттен нәтижелі соққы жасады. Осы кездесуде Қазақстан командасынан шабуылшы Саня данияр үздік ойыншы деп танылды», - делінген бейсенбідегі хабарда.
Осылайша Қазақстан командасы жұбаныш кезеңінде екі жеңіске дейін өтетін серияда алға шықты.   
«Енді қос қарсылас 4 қаңтарда тағы кездеседі. Матч Астана уақыты бойынша сағат 23:00-де басталады», - деп хабарлады ҰОК.

adimage