Қазақстандық әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына мамырда Т9,5 млрд астам түсті

Күні: 17:24, 04-06-2019.

Астана. 4 маусым. ҚазТАГ – Мамыр айында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» ҰАҚ-на Т9,5 млрд түскен, деп хабарлады қордың баспасөз қызметінен.
«2019 жылдың мамыр айында түскен сақтандыру жарнасының көлемі 9,5 млрд теңгеден асты», - делінген сейсенбідегі хабарда.
МСҚ ақпарынша, 2017 жылдың 1 шілдесінен 2019 жылдың 31 мамырына дейінгі аралықта Қорға 176,7 млрд теңге түсті. Аударымдар жүйе іске қосылған алғашқы жарты жылда өзі үшін жарна төлеуге міндеттелген жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт (АҚК) негізінде еңбек ететін тұлғаларға, сондай-ақ жұмыс берушілерге тиесілі.
«Атап айтқанда, жинақталған қаражаттың 95% немесе 167,9 млрд теңгесін жұмыс берушілер, қалған 5% жуығы немесе 8,8 млрд теңгені – жеке кәсіпкерлер мен АҚК негізінде еңбек ететін санат аударған», - делінген хабарда.
Хабарда айтылғандай, аймақтық тұрғыдан алғанда, жарна төлеу жағынан бұрынғыша Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары мен Қарағанды облысы көш бастап тұр..
«Жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталады және 2020 жылдан бастап МӘМС пакетінде көрсетілетін медициналық қызметтер ақысын төлеуге жұмсалмақ», - делінген қор хабарында.
Бұған дейін хабарланғандай, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қор ТМККК аясында көрсетілетін медициналық қызметтерге ақы төлейтін бірыңғай төлеуші ретінде іске кіріседі. Бұл медициналық қызметтерді жоспарлау, сатып алу, сапасын бақылау және ақы төлеу тетіктерін жан-жақты ойластырып, іске қосуға, сондай-ақ төлемдік ақпараттық жүйелер мен жаңа тарифтік саясат енгізу жұмыстарын реттеуге мүмкіндік береді. Аталған шаралар Қордың 2020 жылдың 1 қаңтарынан МӘМС жағдайында жұмыс істеуге толық дайындығын қамтамасыз етеді.
2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша жұмыс жасайтын жеке тұлғалардың және өздеріне төлейтін жеке кәсіпкерлердің МӘМС жарналарын аудару 2 жылға уақытша тоқтатылды.


Жаңалықтармен бөлісу: