Қазақстандық Марина Седнева Болгариядағы күрестен халықаралық турнирде «күміс» иемденді

Астана. 11 наурыз. ҚазТАГ – Қазақстандық Марина Седнева Болгариядағы күрестен халықаралық турнирде «күміс» медаль иемденді, деп хабарлады қорғаныс министрлігінің ӘОСК баспасөз қызметінен.
«Болгариялық Русь қаласында күрес түрлерінен «Дана Колова – Никола Петрова» ірі рейтингтік халықаралық турнир өтіп, Армия орталық спорт клубының спортшысы Марина Седнева 55 кг дейінгі салмақта күміс медаль иемденді», - делінген дүйсенбіде таратылған хабарда.
Қазақстандық ширек финалда өз отандасы Жұлдыз Әшімованы жеңді, ал жартылай финалда белорусиялық спортшыны жеңіп, финалда Грециядан келген Марина Преволаракиден жеңілді.
«Күрес өте ауыр болды. Мен үш жекпе-жекке қатыстым, қарсыластарым да мықты болып тап келді. Жалпы нәтижеме көңілім толады. Енді бізді 21-25 наурызда Моңғолияда өтетін Азия чемпионатына барымызды салып дайындалуымыз керек», - деді Седнева.
Барлығы жарысқа 45 елден 500 спортшы қатысты.
Белгілі болгарлық спортшылар Дана Колова мен Никола Петрованың атымен аталатын турнир Біріккен әлем күресі (UWW) күнтізбесіне енгізілген.

adimage