Қазақстандық Міндетті әлеуметтік медсақтандыру қорына екі жылда Т186 млрд астам қаржы түскен

Күні: 14:51, 05-07-2019.

Астана. 5 шілде. ҚазТАГ – Екі жылда «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» ҰАҚ-ға Т186 млрд астам қаржы түскен, деп хабарлады қордың баспасөз қызметінен.
«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) үшін 2019 жылдың 1-30 маусымы аралығында Т9,5 млрд. аударылған. Жұмыс берушілер мен жеке кәспікерлердің аударымдары мен жарналарының жалпы сомасы 2017 жылдың 1 шілдесі – 2019 жылдың 30 маусымы аралығында Т186,2 млрд. құрады», - делінген жұмада таратылған хабарда.
Аталмыш соманың Т177,4 млрд (шамамен 95,3%), қор ақпарынша, жұмыс берушінің аударымы, Т8,8 млрд (шамамен 4,7%) – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша жұмыс жасайтын тұлғалардың жарнасы.
«Өңірлер бөлінісінде барынша жоғары қаржы бұрынғысынша, Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларынан, Қарағанды облысынан түскен», - деді қордан
Хабарда атап өтілгендей, МӘМС үшін түсіп жатқан қаржының барлығы Ұлттық банкте сақталады, «онымен сенімді басқару шарты жасалған, ары қарай ол қаржы МӘМС аясында көрсетілетін қызмет үшін төлем жасауға бағытталады.


Жаңалықтармен бөлісу: