Қазақстандық музыка танушылар ТМД елдерінің электронды ноталық кітапханасын жасауды ұсынуда

Күні: 12:55, 16-10-2014.

Алматы. 16 қазан. ҚазТАГ - Динара Жаркеева. Қазақстандық музыка танушылар ТМД елдерінің электронды ноталық кітапханасын жасауды ұсынуда, деп хабарлады ҚазТАГ тілшісі.  
«Келесі қадам - ТМД үшін платформа жасау.  Сіздер ойлағандай, біз - Қазақстан -  ТМД елдерінің электронды ноталық кітапханасын жасау тақырыбын дұрыс көтеріп отырмыз ба? Сіздер қосыласыз ба және біз сіздермен меморандумға қол қоямыз ба?», - деді Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының ғылыми-ақпараттық кітапхана қызметінің басшысы   Роза Бердіғалиева бейсенбіде «ХХІ ғасыр кітапханасы - Жаңа көкжиек» форумында.  
Бұл ретте ол аталмыш мәліметтер базасын жасау үшін «ғаламтордағы қазақ контентін» арттыру қажеттігін атап өтті.
«Біз көтеріп отырған тақырып - кітапхананы ғаламторға тасымалдау. Қазір біз ғаламтордағы қазақ контентін, ғылыми деректерді көбейтуіміз керек.  Сондықтан нағыз ғылыми көздерді жасау және ғаламтор арқылы тарату - біздің басты міндеттеріміздің бірі», - деп түсіндірді  Р. Бердіғалиева.
Оның айтуынша, «музыкаға қатысты барлық мәліметті цифрлы тасымалдағыштарға көшіруді консерватория өз мойнына алады».
Бұл ретте электронды ноталық кітапхана жасау туралы меморандумға қол қойылғанын Белоруссия, Украина, Ресей, Молдавия және Қырғызстан өкілдері растады.  


Жаңалықтармен бөлісу: