Алматы. 24 қыркүйек. ҚазТАГ – Қазақстандық оқушылар экономикадан Мәскеудегі Халықаралық олимпиадада қола иеленді, деп хабарлады РФ-дағы ҚР елшілігінен.
«Экономика жоғары мектебінде экономикадан оқушылардың бірінші Халықаралық олимпиадасы қорытындыланды. Командалық есепте Латвия бірінші орынды иеленді, күмісті – Ресей, ал Қазақстан мен Бразилия командалары қола иеленді», - делінген дүйсенбідегі хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, олимпиадаға 65 оқушы қатысты – барлығы ұлттық деңгейдегі жарыс жеңімпаздары. Олар 13 елден келген. Жарыс 3 кезеңнен тұрған, әрқайсысының өз тақырыбы бар: экономика, қаржылық сауаттылық, бизнес-кейсті шешу, алғашы екі кезеңге жекелей қатысса, соңғы кезеңдерде қатысушылар команда болып жұмыс жасады.
Жекелей көрсеткіштері үшін 10 оқушы марапатталды, соның ішінде бір қазақстандық бар.
Әділқазы төрағасы Умберто Льявадораның айтуынша, жалпы қатысушылар жоғары білім деңгейін көрсетті.
«Олимпиаданың экономикалық раундының кейбір тапсырмаларының қиын болғаны соншалық, тіпті университет студенттері оны шақ шешкен болар еді. Ал олимпиадада біз өте жоғары жуаптарды алдық. Қатысушылардың экономикалық зеректігі өте жоғары. Маған малазиялық команда мен Қазақстан командасының бизнес-кейс раундындағы таныстырылымдары ерекше әсер қалдырды. Олар өте жақсы жұмыс жасаған, және олардың таныстырылымының сапасы өте жоғары болды», - деді У. Льявадор.
Қазақстандық оқушылар экономикадан Мәскеудегі Халықаралық олимпиадада қола иеленді
